---
title: "Күнделікті әңгіме"
description: "Әппақ арман, әппақ қиял, әппақ тіпті мұңым да. Қалың қала қар жамылған маужырайды шынында. Жанды..."
author: "Beibit_Sarybai"
published: "2018-01-30T22:20:01+00:00"
modified: "2018-01-30T22:20:01+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-ndelikti-gime-794743"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-ndelikti-gime-794743/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Күнделікті әңгіме

> Әппақ арман, әппақ қиял, әппақ тіпті мұңым да. Қалың қала қар жамылған маужырайды шынында. Жанды...

Әппақ арман, әппақ қиял, әппақ тіпті мұңым да. Қалың қала қар жамылған маужырайды шынында. Жанды әне әкімдіктің бағандағы шырағы. Еркетайым жақын келіп, менен былай сұрады:
- Әке, біздің дәу үйіміз қашан, қай күн бітеді? Күн сайынғы сұрағы осы, үй біткенін күтеді.

- Бір Алладан сұра қызым, Алла өзі қолдаса, Үй бітіру дегеніңіз қиын емес ол да аса.

- Давай, онда, сұрайық та кәдімгі Аяз атадан.

- Аяз ата - апайың ғой - тәрбиеші атаған. Біздің үйді бітіргені былай тұрсын олардың, Өздеріне жәй жер алу соншалықты болар мұң. Өйткені ол да дәл әкеңдей әрең жүрген адам ғой, Елу бес мың айлығымен жылдап жүрген маман ғой. Алла деген арымайды, басқа бағы қонады, Үй де, күй де, ьарлығы да бұйырған күн болады.

Ақпарат көзі

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/k-ndelikti-gime-794743](https://yvision.kz/kk/post/k-ndelikti-gime-794743)