---
title: "Күнделігімнің бір парасы"
description: "Сүйінші хабарға асыққан, іштей ұмтылған күн болды. 19 тамыздағы біздің спортшылардың жеңіске ұмтылыс..."
author: "aykenbazarbai"
published: "2016-08-25T06:18:44+00:00"
modified: "2016-08-25T06:18:44+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-ndeligimni-bir-parasy-708818"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-ndeligimni-bir-parasy-708818/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Күнделігімнің бір парасы

> Сүйінші хабарға асыққан, іштей ұмтылған күн болды. 19 тамыздағы біздің спортшылардың жеңіске ұмтылыс...

Сүйінші хабарға асыққан, іштей ұмтылған күн болды. 19 тамыздағы біздің спортшылардың жеңіске ұмтылысы, намыс-жігері осы күні, менің көңілімді көкке көтерді.

Бокстан бастадым.

**БОКС:** Иван Дычко және Дариға Шәкімова жартылай финалда ұтылып, қола медальды қанағат тұттық. Бірақ, бұдан биіктеу, жоғарылау сатыны күткеніміз рас еді.

**ТАЕКВОНДО:** Жансель Денис **1/8** жартылай финалында ұтылып, жарыстан шығып кеткені, расында, қынжылтты.

**ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА:** 20 шақырым жаяу жүруде Диана Айдосова 74 қатысушылар арасында 62 орынға ие болды, ал Полина Репин ережелерін бұзғаны үшін жарыстан шығып кетті. ((

**ЕРКІН КҮРЕС:** Ғалымжан Өсербаев қола медаль үшін күресте жеңіліп қалды, ал Нұрислам Санаев соңғы матчта ұтылып қалды.

**КӨРКЕМ ГИМНАСТИКА:** Сабина Аширбаева жеке жарыста финалға өте алмады.

**ЕСКЕКПЕН ЖҮЗУ:** **200** м қашықтықта ескекпен жалғыз жүзу бойынша Алекс Дергунов жартылай финалға шыға алмады. 500 м қашықтықта 4 адамдық ескекпен жүзуде Ирина Подойникова, Зоя Ананченко, Инна Климова және Наталья Сергеева жұбаныш финалына өтті. Александр Емельянов, Андрей Ергучев, Сергей Токарницкий және Илья Голендов 1000 м қашықтықта жұбаныш финалына өтті.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/k-ndeligimni-bir-parasy-708818](https://yvision.kz/kk/post/k-ndeligimni-bir-parasy-708818)