---
title: "Күн шығыс еліне сапарым, немесе мәдени шок!"
description: "Осыдан тура екі жыл бұрын Жапония еліне жұмыс сапарымен барған болатынмын. Күн шығыс еліне саяхат, ш..."
author: "Mrojin"
published: "2012-03-16T16:56:00+00:00"
modified: "2013-01-14T02:16:45+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-n-shy-ys-eline-saparym-nemese-m-deni-shok-239932"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-n-shy-ys-eline-saparym-nemese-m-deni-shok-239932/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Күн шығыс еліне сапарым, немесе мәдени шок!

> Осыдан тура екі жыл бұрын Жапония еліне жұмыс сапарымен барған болатынмын. Күн шығыс еліне саяхат, ш...

Осыдан тура екі жыл бұрын Жапония еліне жұмыс сапарымен барған болатынмын. Күн шығыс еліне саяхат, шетелге алғаш шығуым еді. Сондықтан үміт зор болды. Жолдасым Даниалдан алған фотоаппарат ұшақтың ішінде-ақ өзінің тікелей міндетін атқара бастады)))))))

![Күн шығыс еліне сапарым, немесе мәдени шок!](https://storage.yvision.kz/images/user/mrojin/oNSx6BR6y4ObtUF1oA65Ss296BAEvK.jpg)

Астанадан Токиоға 14 сағаттай ұшып бардық, негізі ұшықтар Сеул арқылы жетеді екен Токиоға. Бірақ біздің рейс тікелей ушты. Оған борттағы кісілер себеп болған.

![Күн шығыс еліне сапарым, немесе мәдени шок!](https://storage.yvision.kz/images/user/mrojin/Y92Y9PRI7GjUxG9zzvHjsygXNti17I.jpg)

Нарито әуежайына қонғанымызда көз шалған мына "ANA" әуе компаниясының ұшақтары.

![Күн шығыс еліне сапарым, немесе мәдени шок!](https://storage.yvision.kz/images/user/mrojin/553YiW409uzKs6QLGisIrSicb3jL83.jpg)

Әуежай Токиодан 80 шақырым жерде орналасқан екен. Көлемі де әжептеуір үлкен. Ұшақты арнайы тұраққа орналастыру үшін әлі 25 минуттай уақыт "парковка" іздедік. Ақыры ұшақтан түсіп, әуежайдың сыртына шықтық. Айта кететін жайт, Жапонияда бос орынның бәріне түрлі өсімдік отырғызылады. Ағаштарды мына суреттегідей қоршап қояды екен.

![Күн шығыс еліне сапарым, немесе мәдени шок!](https://storage.yvision.kz/images/user/mrojin/2uwMqwKrsHdiQJr3DjI699KZP8aKRo.jpg)

![Күн шығыс еліне сапарым, немесе мәдени шок!](https://storage.yvision.kz/images/user/mrojin/3J6VDXdywp84f1y6v2F8SE3n78WfQP.jpg)

Токиоға жеткізетін арнайы қоғамдық көлікке отырдық. Көлік демекші, Жапонияда барлық жерде мынау секілді автотұрақтарды байқауға болады. Көліктер саны мөлшерден тыс (бұл мәселеге біз әлі ораламыз). Ал әуежай маңайындағы екі қабатты автотұрақ мынау

![Күн шығыс еліне сапарым, немесе мәдени шок!](https://storage.yvision.kz/images/user/mrojin/Xw1198dSAzMRch7MvPpnsdkk71xL62.jpg)

Мынау секілді көп қабатты автотұрақтар Токиода жетіп артылады.

![Күн шығыс еліне сапарым, немесе мәдени шок!](https://storage.yvision.kz/images/user/mrojin/c0hMnMSg1UMVGq9BfYs2ywUTgdAR76.jpg)

Ал Токионың өзінде көлік козғалысын реттеу үшін түрлі амалдар жасалып жатыр. Мына бірнеше қабатты автотұрақ жалғыз емес. 33 миллион халқы бар Токиода көліктер рет ретімен жүреді көшеде. Тақ күндері, мысалы мамырдың 3,5,7 күндері қалада тек тақ номерлі автокөліктер жүруге құқылы. Ал жұп күндері, мамырдың 2,4,6 күндері номерлері жұп көліктер қала жолдарында жүре алады. Бүл қиындықты жапон азаматтары, көп ойланбастан, көлік номері сай келмейтін күндері "шабандозға" айналып кететін болды, қалталы азаматтар болса Токиоға тақ және жұп номерлі екi көлік сатып алып, шектеусіз келетін болды.

![Күн шығыс еліне сапарым, немесе мәдени шок!](https://storage.yvision.kz/images/user/mrojin/PDbjL0n0vDVv2fy6PLYk8kLZmt2OMN.jpg)

Қалада жол қозғалысын реттеу үшін, жолда көлік тығыздығын азайту үшін көп іс шара қолға алынуда. Бастысы арнайы жолақтар. Олар түрлі түске боялады. Шайтан арбамен жүретіндер мен қоғамдық көліктердің, өздері ғана қатынайтын, жолақтары жасалған. Ал жаяу жүргіншілер жол қозғалысына кедергі болмасын деп жолдардың үстінен көшенің арғы бетіне өтеді. Бұдан бөлек көліктер жүретін бірнеше қабатты жолдар салынған.

![Күн шығыс еліне сапарым, немесе мәдени шок!](https://storage.yvision.kz/images/user/mrojin/YP1kS9j1XVJXc63hgAO5G3z2l8XaPf.jpg)

![Күн шығыс еліне сапарым, немесе мәдени шок!](https://storage.yvision.kz/images/user/mrojin/6i4R0150223Wj6zrgAXdE99wf0BFUL.jpg)

Қоғамдық көліктер жүретін жолдардың үстінен, арнайы жер үстіндегi метро қатынайды

![Күн шығыс еліне сапарым, немесе мәдени шок!](https://storage.yvision.kz/images/user/mrojin/2nP265484hw6Eg9qId6lv9yn2D8T9i.jpg)

Токио орталығына жеткенше біз де 4 - 5 қабаттық денгейдегі жолмен жүріп келдік

![Күн шығыс еліне сапарым, немесе мәдени шок!](https://storage.yvision.kz/images/user/mrojin/SCJ7b7Jmg3K0IPYpnB4S2V4f377etK.jpg)

Қалада көлік тығыздығын реттейтін тағы бір қызықты заң бар. Түнгі 23 00 ден кейін жекеменшік көлікпен жүруге тиым салынған. Сол себепті кешкі уақытта қалада мынандай такси қаптайды.

![Күн шығыс еліне сапарым, немесе мәдени шок!](https://storage.yvision.kz/images/user/mrojin/C6T3uB782417OQ4bVO0gbFkwIKd61V.jpg)

Такси арнайы құралдармен GPS, кассалы аппараттармен, тіпті жалықсаңыз (және жапон тілінде еркін оқысаңыз) журналдар мен газеттер дайын тұр. Жол ақысы арнайы аппаратпен есептеледі, біздің тенгемізге шаққанда 1 шақырымы 200 тенге шамасында. Бірақ Токионы таксимен аралап шығамын деген үмітіңізді бiрден үзіңіз. Токио қаласы Астанадан 4,5 есе, ал халық саны жағынан 19 есе үлкен. Қалада тұрғын үйлер мен шағын аудандар өте тығыз орналасқан.

![Күн шығыс еліне сапарым, немесе мәдени шок!](https://storage.yvision.kz/images/user/mrojin/gTwL5Ul49WoLNc6ppv92oXSmiJuBtP.jpg)

![Күн шығыс еліне сапарым, немесе мәдени шок!](https://storage.yvision.kz/images/user/mrojin/vOd8jczJu69pPp5C31609yG5ulo4NA.jpg)

Токио қаласының "Хилтон" қонақ үйінің 39 қабатынан түсірілген кадр.

![Күн шығыс еліне сапарым, немесе мәдени шок!](https://storage.yvision.kz/images/user/mrojin/qiGKJ25c59K6kcg2K7wrOaY5ZT2y4F.jpg)

Дәл осы жерден Жапония императорының жасыл шатырлы сарайы камераға ілікті. Бұл сарай есіктері қарапайым жұртқа жылына бір ақ рет ашылады екен. Сол күні сарайда серуендеуге рұқсат. Біз болсақ сурете тек сыртынан түсіре алдық.

![Күн шығыс еліне сапарым, немесе мәдени шок!](https://storage.yvision.kz/images/user/mrojin/aJWEhIq9vWBexOt3I0zn8kXf8Ic80i.jpg)

Менімен бірге Токиоға барған видеооператор Виктор Джигирис.

![Күн шығыс еліне сапарым, немесе мәдени шок!](https://storage.yvision.kz/images/user/mrojin/n2RnL5RO3Pdw6xLVs7LWMrVncn3FXT.jpg)

Біз орналасқан шағын аудан Токиода "ақ жағалылар" қызмет ететін аудан болып шықты. "Гинза" деп аталады. Мынау сыртқы көріністері

![Күн шығыс еліне сапарым, немесе мәдени шок!](https://storage.yvision.kz/images/user/mrojin/83wU4qNkuC8zDUBoJOHozWMUSX8Il7.jpg)

![Күн шығыс еліне сапарым, немесе мәдени шок!](https://storage.yvision.kz/images/user/mrojin/C89PDJsD6e4197zqrzZWIksch84QRM.jpg)

Ал мынау болса Токионың мақтаулы "Акихабара" атты бизнесi қызып тұрған аудан. Турасын айтқанда бизнес емес, тұрмыстық техника, үялы сымтетіктер, фотоаппараттар, бейнекамералар, әйтеуір жаныңызға жақын, тапсырысыңызға сай нәрсені осы жерден табуға болады. Ал мына адамдардың қолындағы қарапайым қолшатырдарды жауын жауған жағдайда кез келген жерден: мекемеден, полиция бекетінен алсаңыз болады. Тегін. Кейін қажет болмаса басқа мекемеге тастап кете саласыз, реті келгенде басқа біреу пайдаланады. Қысқасы қолдан қолға өтетін Токиодағы ең керекті зат осы қолшатырлар.

![Күн шығыс еліне сапарым, немесе мәдени шок!](https://storage.yvision.kz/images/user/mrojin/3XPMYxf0cVxQJVZtVPmAjMEOqN3H1q.jpg)

Жауын Жапонияда жиі болады екен. Жалпы Токио қаласының климаты сол аумақтың басқа жерлерімен салыстырғанда 10 градусқа жылы болады екен. Себебін ғалымдар жақында анықтады, Токио халқының көптігінен болып шықты

![Күн шығыс еліне сапарым, немесе мәдени шок!](https://storage.yvision.kz/images/user/mrojin/S619hJ70DQwI0Q5PnTZeSp59S9fO2n.jpg)

Токио туралы тағы бір қызықты дерек. Мұндағы метроның арнайы қызметкерлері бар екен. Метро есігінен ары қарай симай қалғандарды ішке қарай итеріп кіргізетін қызметкерлер, "толқачи" дейді екен ол азаматтарды. Өкінішке орай метроға түсіп олардың жұмысын түсіруге мүмкіншілік болмады.)))

![Күн шығыс еліне сапарым, немесе мәдени шок!](https://storage.yvision.kz/images/user/mrojin/K5PNeBtHxxd4Xch9ItriBLN5BeT8qa.jpg)

Токио - жапон тілінен "шығыс астана" деп аударылады. Қалада күніне орта есеппен қуаты әр түрлі 150 жер сілкінісі болады

![Күн шығыс еліне сапарым, немесе мәдени шок!](https://storage.yvision.kz/images/user/mrojin/Cj8d39b58vaOK1HJ3eG9o02ch2tlqV.jpg)

Токио шеңберінде 3,5 мыңнан астам саябақ бар. Бірақ олар 5 мың гектар жерді ғана алып отыр. Саябақтарға арнайы саяхат ұйымдастырылады, өткені көп саябақтың өзіндік ерекшеліктері мен тарихы бар. 200 - 300 жылғы саябақтар бар.

![Күн шығыс еліне сапарым, немесе мәдени шок!](https://storage.yvision.kz/images/user/mrojin/MIc1VyGKhD8ki42I5vVA5NhWk3q05D.jpg)

Бос уақыт пайда болса жапондықтар, ауа райына қарамай саябаққа асығады. Себеп көп. Бұл жердін ауасы қалаға қарағанда таза, әрі өз тарихына ерекше қарайтын жапондықтар осындай тарихи жерлерге келуді парыз санайды.

![Күн шығыс еліне сапарым, немесе мәдени шок!](https://storage.yvision.kz/images/user/mrojin/14wxGTm94dRKn1PQPgsNjWMrh5vl3u.jpg)

Осы секілді жерге келіп міндетті түрде, дәрет іспеттес, қолыңды суға шаю керек.

![Күн шығыс еліне сапарым, немесе мәдени шок!](https://storage.yvision.kz/images/user/mrojin/Drq4HOdk056Y45N6hCTXq76fyArQNh.jpg)

Ағаштан жасалған ожаумен қолыңды шайып, ниетіңді тазартуың керек. Міндетті түрде, жасамасаң ары қарай жол жоқ.

![Күн шығыс еліне сапарым, немесе мәдени шок!](https://storage.yvision.kz/images/user/mrojin/CSWet35JM11p3w4yp0j0JjUs15r7G2.jpg)

Бұл амал жасалған соң, ниетің таза болып, арнайы "өтініш орындау" ағашына жетесің. Жапондықтар ырымы ма, әйтеуір осы ағашттың айналасына ілінетін тақтайшаға арман тілектерін жазып кетеді екен. Бір екі рет нөсерлі жаңбыр өткен соң әрине тақтайшадан жазылған сөздерің кетіп қалады. Жапондықтардың айтуынша бұл арманың міндетті түрде орындалатыннын белгісі. (Тілегің мен дұғаңды Алла ғана орындайды дегенді естіп, ол ағаштан айналып өттік.) Тағы бір ырым бар жапондықтарда. Күн шығыс еліне Сакура ағашы гұлдеген кезінде келу жақсылықтың белгісі екен.

![Күн шығыс еліне сапарым, немесе мәдени шок!](https://storage.yvision.kz/images/user/mrojin/9O997N8W0ON6twTPq0x475UUNJZ9hZ.jpg)

Ал мынау сол Мейдзи Дзингу саябағында аспан астында орналасқан саке (арақ) мұражайы. Осылай ашық орналасқан мұражайда түрлі сорттағы, шығарылған жылы әр түрлі жапондық ішімдік.

![Күн шығыс еліне сапарым, немесе мәдени шок!](https://storage.yvision.kz/images/user/mrojin/2k60kOqatsOIqw20g9D4VOSO98VyeB.jpg)

Күндіз толық саябақта қыдырып, түн жарымда қонақ үйге оралып түсірген суретім осы болды. Түнгі Токио міне осындай

![Күн шығыс еліне сапарым, немесе мәдени шок!](https://storage.yvision.kz/images/user/mrojin/vjUbqEzo5iPkOcigJtNDu1869FkoJ8.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/k-n-shy-ys-eline-saparym-nemese-m-deni-shok-239932](https://yvision.kz/kk/post/k-n-shy-ys-eline-saparym-nemese-m-deni-shok-239932)