---
title: "«Күн сәулесі түспеген» қойылымы"
description: "Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрына \"Күн сәулесі түспеген\" ..."
author: "kaztube1"
published: "2013-04-17T12:54:27+00:00"
modified: "2013-04-17T12:54:27+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-n-s-ulesi-t-spegen-oyylymy-348221"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-n-s-ulesi-t-spegen-oyylymy-348221/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Күн сәулесі түспеген» қойылымы

> Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрына "Күн сәулесі түспеген" ...

Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрына "Күн сәулесі түспеген" атты психологиялық драманың премьерасын көруге келдік.

![«Күн сәулесі түспеген» қойылымы](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/GK3NBNWEX7f79pZrM72gwJe3gOXjvR.jpg)

Кіре берісте әдемі әуеннің керемет әсеріне бөленесіз. Қойылым басталғанша қыздар түрлі композицияларды тартты.

![«Күн сәулесі түспеген» қойылымы](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/a1nplFr8lIZFV1IJ4DUgjRq6ZD7MuE.jpg)

Антонио Буэро Вальехоның қазақ тіліне аударылған "Күн сәулесі түспеген" атты психологиялық драмасындағы басты рөлдің бірі - Марио рөлі. Марионы сомдайтын Асылбек Қапаев грим бөлмесінде.

![«Күн сәулесі түспеген» қойылымы](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/63V8RGl08F9w953pTlJV4EsrES3Rb1.jpg)

Бақыт Исабекова ананың рөлін сомдады. Бір-бірін түсінбейтін, үнемі тіл табыса бермейтін екі ұлдың анасы.

![«Күн сәулесі түспеген» қойылымы](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/5n688eOV6zZ22AssT1Q4RrQJvqP9Fu.jpg)

Боранбай Молдабаев ақыл-есінде ауытқушылық бар, бала сияқты әрнәрсені былдырлап жүретін әкенің рөлін ойнады.

![«Күн сәулесі түспеген» қойылымы](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/7h448B9B90dG20Ci23PrvFw1O52FFk.jpg)

Қойылым баспа үйінің кеңсесінен басталды. Қоластындағы хатшысының әлсіздігін пайдаланып жүрген бастық.

![«Күн сәулесі түспеген» қойылымы](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/IQplSjJf9G8AsRTZ3CcYSAvC34GBxC.jpg)

Алжыған әкенің бала кейпіне еніп, әр түрлі қылық көрсетуі екі ұлына да, әйеліне де оңай тимейді.

Қойылым өте ауыр екен...

Алжыған әкенің бала кейпіне еніп, әр түрлі қылық көрсетуі екі ұлына да, әйеліне де оңай тимейді. Қойылым өте ауыр екен...

![«Күн сәулесі түспеген» қойылымы](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/m0Eq80tK4yT6Wuk8Vtn4xS5RT92av3.jpg)

Қойылым еріксіз көзге жас алдыртты. Керемет! Актерлер де тамаша ойнады.

![«Күн сәулесі түспеген» қойылымы](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/G2Xx3GiiidkXNJ0PtLv9elNAtj3m9v.jpg)

Қойылымнан әсер алған көрермендер актерлерге тоқтамастан қол соқты. Ортада қоюшы режиссер - Нұрлан Жұманиязов.

![«Күн сәулесі түспеген» қойылымы](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/21NxFqe7f9ftHvtdw3RxG2ny1u1WyB.jpg)

Бұл қойылымды міндетті түрде театрға барып көріңіздер.

19-29 сәуір аралығында театр Қостанай қаласына гастрольдік сапарға шығады. Қойылымдарды көруге мүмкіндіктеріңіз бар.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/k-n-s-ulesi-t-spegen-oyylymy-348221](https://yvision.kz/kk/post/k-n-s-ulesi-t-spegen-oyylymy-348221)