---
title: "Көмірдің бағасы неге қымбат"
description: "АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Энергетика министрлігінің электрэнергетика және көмір өнеркәсібі департамент..."
author: "minenergo"
published: "2017-09-25T04:18:31+00:00"
modified: "2017-09-25T04:18:31+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-mirdi-ba-asy-nege-ymbat-779748"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-mirdi-ba-asy-nege-ymbat-779748/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Көмірдің бағасы неге қымбат

> АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Энергетика министрлігінің электрэнергетика және көмір өнеркәсібі департамент...

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Энергетика министрлігінің электрэнергетика және көмір өнеркәсібі департаменті директоры орынбасары Талғат Әбілғазының айтуынша, разрездің өз басында көмірдің бағасы 8 мың теңге тұрады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі кезде республика бойынша 400-ге жуық көмір өндіру кені бар. Аталған разрездердің бәрі бағаны өздері белгілейді. Себебі Қазақстанда көмірдің бағасы мемлекет тарапынан реттелмейді. Заңда қандай да бір шектеу шаралары қарастырылмаған.

«Бүгінде көмірді өндіру құны 3-5 мың теңгені (бір тоннасы - авт.) құрайды. Ал разрездің өзінде 8 мыңға дейін барады. Одан кейін осы көмірді тұтынушыға жекізу тағы бар. Сосын алыпсатарлар болады. Бұның барлығы - нарықтық жағдай. Бағаны да нарық анықтайды, көмірдің құны сұранысқа қарай өзгереді», - деді Әбілғазы.

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі кезде республика бойынша көмір тапшылығы жоқ. Ал Қазақстандағы көмірдің жалпы қоры әлі 300 жылға жетеді.

 

[http://www.inform.kz/kz/komirdin-bagasy-nege-kymbat_a3068474](http://www.inform.kz/kz/komirdin-bagasy-nege-kymbat_a3068474)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/k-mirdi-ba-asy-nege-ymbat-779748](https://yvision.kz/kk/post/k-mirdi-ba-asy-nege-ymbat-779748)