---
title: "Кәмелетке толмаған балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша жедел топтың отырысы өтті."
description: "Жиынға «КМГ инжиниринг» «ҚазНИПИмұнайгаз» филиалы қызмет жетекшісі, Маңғыстау облыстық мәслихатына ү..."
author: "mangystau.nurotan.kz"
published: "2020-12-09T05:46:31+00:00"
modified: "2020-12-09T05:46:31+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-meletke-tolma-an-balalar-a-atysty-zorly-zombyly-ty-aldyn-alu-boyynsha-zhedel-topty-otyrysy-tti-886971"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-meletke-tolma-an-balalar-a-atysty-zorly-zombyly-ty-aldyn-alu-boyynsha-zhedel-topty-otyrysy-tti-886971/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Кәмелетке толмаған балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша жедел топтың отырысы өтті.

> Жиынға «КМГ инжиниринг» «ҚазНИПИмұнайгаз» филиалы қызмет жетекшісі, Маңғыстау облыстық мәслихатына ү...

Жиынға «КМГ инжиниринг» «ҚазНИПИмұнайгаз» филиалы қызмет жетекшісі, Маңғыстау облыстық мәслихатына үміткер Ешманов Киікбай Жақыпұлы, Ақтау қалалық мәслихатына үміткер Сыражанов Ерген Мұратұлы, Ақтау қалалық ПБ ЖПҚБ ЮПБ инспекторы полиция капитаны Ерлан Мұхамеджанов, Ақтау қалалық ПБ ЖПҚБ ЮПБ инспекторы полиция аға лейтенанты Жанабай Жұмағалиев, мектеп психологтары мен әлеуметтік педагогтар, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары, қалалық емхана қызметкерлері қатысты.

Отырыс барысында «Nur Otan» партиясының «Бақытты отбасы» ұлттық жобасы түсіндіріліп, атқарылдған жұмыстар талқыланды. Жобаның негізгі мақсаты - қазақстандық отбасылар мен балалардың әл-ауқатын арттыру. Бұл орайда филиалдар мемлекеттік және жергілікті органдармен бірлесе отырып, қиын жағдайда отырған отбасыларды анықтайды. Ол үшін арнайы топтар үйлерді аралайды. Соның бәрі xалықтың әлеуметтік картасында көрсетіледі. Жиынды жүргізген Киікбай Жақыпұлы жоба аясында балалар құқығын қорғау маңыздылығын атап өтті. Өйткені әрбір бала білім алып, дамуы қажет. Мұның барлығы ең алдымен отбасындағы жағдайына байланысты екенін атап өтті. Сондай–ақ, жоба мақсаттарының бірі- отбасындағы балалардың дұрыс тәлім-тәрбие алып, ұлттық құндылықтарымызды сіңіру. Осы орайда партия жанынан құрылған жедел топ мүшелерінің міндеті қиын отбасылармен жұмысты күшейту, оларға психолигиялық, әлеуметтік және материалдық қолдау көрсету.

Кәмелетке толмағандар ісі бойынша полиция қызметкерінің мәліметіне сәйкес, қала аумағында 39 мыңға жуық кәмелетке толмаған жасөспірім бар. Солардың ішінде, ағымдағы жылы 1110 бала әр түрлі санатпен құқықбұзушылық жасап, ата-аналарына шара қолданылған. 86 қолайсыз отбасы тіркелген, яғни балалар ата-анасының қадағалауынсыз қаңғыбастықпен айналысып жүргендер. Сонымен қатар, әр түрлі санатпен ұсақ бұзақылық және қылмысқа бейім 86 жасөспірім Ақтау қаласы ішкі істер басқармасына есепке алынған.

Сонымен қатар, жиын барысында мамандар тақырып аясында өзара пікір алмасып,ойларын ортаға салды. Шара соңында қатысушылар кәмелетке толмаған балалармен жұмысты жүйелі түрде бірлесіп жүргізуді қолға алып, қиын жағдайдағы отбасыларға барынша қолдау көрсету бағытында жұмыстанатындарын жеткізді.

![Кәмелетке толмаған балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша жедел топтың отырысы өтті.](https://storage.yvision.kz/images/user/440446/e5d49e294a9f65075f08bc50a8c863.jpg)

![Кәмелетке толмаған балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша жедел топтың отырысы өтті.](https://storage.yvision.kz/images/user/440446/ba0491820f1fdcc20e62a23fd2c7c7.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/k-meletke-tolma-an-balalar-a-atysty-zorly-zombyly-ty-aldyn-alu-boyynsha-zhedel-topty-otyrysy-tti-886971](https://yvision.kz/kk/post/k-meletke-tolma-an-balalar-a-atysty-zorly-zombyly-ty-aldyn-alu-boyynsha-zhedel-topty-otyrysy-tti-886971)