---
title: "Кәмелет жасына толған 1992 ұл-қыз Ұлттық қордан үлесін..."
description: "\"Ұлттық қор - балаларға\" бағдарламасын іске асырудың 2 айы ішінде \"БЖЗҚ\" АҚ жалпы сомасы 199 323,1 АҚШ долларына 1 992 өтінішті орындады. Оның ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында 78 798,04 АҚШ долларына 788 өтініш, ..."
author: "jan.123"
published: "2024-04-18T06:17:10+00:00"
modified: "2024-04-18T06:17:10+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-melet-zhasyna-tol-an-1992-l-yz-ltty-ordan-lesin-aldy-1003622"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-melet-zhasyna-tol-an-1992-l-yz-ltty-ordan-lesin-aldy-1003622/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Кәмелет жасына толған 1992 ұл-қыз Ұлттық қордан үлесін...

> "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасын іске асырудың 2 айы ішінде "БЖЗҚ" АҚ жалпы сомасы 199 323,1 АҚШ долларына 1 992 өтінішті орындады. Оның ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында 78 798,04 АҚШ долларына 788 өтініш, ...

*"Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасын іске асырудың 2 айы ішінде "БЖЗҚ" АҚ жалпы сомасы 199 323,1 АҚШ долларына 1 992 өтінішті орындады. *

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/c1b4f7ac5035338b59aab9ac2c3927.jpg)

Оның ішінде **тұрғын үй жағдайларын жақсарту** мақсатында 78 798,04 АҚШ долларына 788 өтініш, **білім беру ақысын төлеу үшін **120 525,06 АҚШ долларына 1 204 өтініш орындалды.

Нысаналы жинақтарды алушы өзіне тиесілі барлық соманы да, оның бір бөлігін де пайдалануға құқылы екенін ескерген жөн. Бұл ретте пайдаланылмаған соманың қалдығы нысаналы жинақтау шотында сақталады.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың ақпан айында "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы аясында 2024 жылы 18 жасқа толған азаматтарға БЖЗҚ-дағы нысаналы жинақтау шоттарына (бұдан әрі - НЖШ) алғашқы төлемдер түсе бастады. Бағдарламаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрі - Ұлттық қор) инвестициялық табысының 50% мөлшері жыл сайын 18 жасқа дейінгі барлық жастағы Қазақстан Республикасының азаматтары-балалар арасында бөлінеді.

НЖШ-дағы қаражат тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және БЖЗҚ-мен тиісті келісімдер жасасқан уәкілетті операторлар арқылы білім алуға ақы төлеуге арналған. НЖШ-ге қаражат аударылғаннан кейін ол АҚШ долларында сақталады. 2024 жылы кәмелеттік жасқа толғаннан кейін нысаналы жинақтарды алушылар өздерінің нысаналы жинақтарын көрсетілген мақсаттарға пайдалану құқығына ие болады.

enpf.kz

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/k-melet-zhasyna-tol-an-1992-l-yz-ltty-ordan-lesin-aldy-1003622](https://yvision.kz/kk/post/k-melet-zhasyna-tol-an-1992-l-yz-ltty-ordan-lesin-aldy-1003622)