---
title: "Кәмелет жасқа толмаған балаларға салынатын тыйымдар"
description: "Түн ортасында ұл-қыздарын қараусыз көшеге жіберетін ата-аналарға айыппұл салынып жатыр. Алты айтың і..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-06-28T11:58:43+00:00"
modified: "2015-06-28T11:59:08+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-melet-zhas-a-tolma-an-balalar-a-salynatyn-tyyymdar-516966"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-melet-zhas-a-tolma-an-balalar-a-salynatyn-tyyymdar-516966/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Кәмелет жасқа толмаған балаларға салынатын тыйымдар

> Түн ортасында ұл-қыздарын қараусыз көшеге жіберетін ата-аналарға айыппұл салынып жатыр. Алты айтың і...

**Түн ортасында ұл-қыздарын қараусыз көшеге жіберетін ата-аналарға айыппұл салынып жатыр. Алты айтың ішінде ғана мыңнан астам ата-ананың үстінен осы бағытта әкімшілік іс қозғалды. Уәкілетті орындардың айтуынша, жаздың келуімен бұл сан да артуы мүмкін екен.**

Павлодар облысы бойынша кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандырылған ауданаралық соты дабыл қағып жатыр. Олардың айтуынша, аймақта түнде көшеде жүретін балалардың қатары артып кетіпті. Оған оқушылардың жазғы демалысқа шыққаны себепші екен. Ал еліміздің «Бала құқығы жөніндегі» заңнамасына сәйкес, түнгі 23.00-ден кейін балаға заңды өкілдерінсіз жалғыз журуіне тыйым салынады.

**ҒАЛИЯ РАХМАТУЛИНА, Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандырылған ауданаралық сотының судьясы:**

*2015 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап осындай заңбұзушылыққа жол берген мыңнан астам іс сотпен қарастырылды. Егер, мұндай факті 1-ші рет тіркелетін болса, баланың ата-анасына ескерту жасалады. Ал, егер де заңбұзушылық екінші мәрте қайталанатын болса, баланың әке-шешесіне 29730 теңге, яғни он бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.*

Сондай-ақ, кәмелет жасқа толмағандарға сағат 22.00-ден кейін заңды өкілдерінсіз ойын-сауық орталықтарына баруға тыйым салынады. Заң бұзылған жағдайда, баланың заңды өкілдеріне, яғни ата-анасына 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Айыппұл ойын-сауық мекемелерін де айналып өтпейді. Үлкендердің қарауынсыз ойын-сауық орталығында болуына жол бергені үшін мекеме басшыларына 59 мың теңгеден бастап 118 мың теңгеге дейін айыппұл салу көзделген.

**ҒАЛИЯ РАХМАТУЛИНА, Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандырылған ауданаралық сотының судьясы:**

*Әкімшлік кодекске сәйкес ойын-сауық орталықтары деп түнгі клубтар, компьютерлік клубтар, кинотеатрлар, мейрамханалар, бильярд және боулинг-клубтары белгіленген. Яғни, олардың қатарына барлық көңіл көтеретін орндар жатады.*

Ал қала тұрғындары болса, бұны қоғамдағы өткір мәселелердің бірі деп санайды. Заң қағаз бетінде болғанымен, іс жүзінде нәтиже шамалы дейді. Қала тұрғыны Эмма Яковлена бұл ретте құқық-қорғау органдарының жұмысын әлсіз деп санайды. Айтуынша, қазір қай үйдің ауласын алмасаң да, түнгі уақытта жиналған жастарды кездестіруге болады дейді.

**ЭММА ЯКОВЛЕВА, қала тұрғыны:**

*Ауламызда орналасқан ойын алаңдарында кешкі уақытта әрқашан 13-тен 18 жас аралығындағы балалар көңіл көтеріп отырады. Олар көбінесе сағат түнгі он екі, бірге дейін отырып, мазамызды алады. Бірнәрсе қарсы айтуға да қаймығамын. Себебі, өз атымына былапыт сөздерді есуге тара келеді.*

«Қазақстан Республикасының бала құқығы жөніндегі» заңнамасында жазылған заңды біреуі дұрыс деп жатса, кейбіреулері оны сағат 23.00-ден 12-ге дейін ұлғайтуға да болады дейді.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, ювиналды сотқа, ағымдағы жылдың 1-ші қаңтарынан бастап ата-ана құқығынан айыруға 237 іс түссе, оның 133-і өз шешімін тапқан. Бала тәрбиесіне салақ қараудың кесірі осындай жағдайға әкеп тірейді. Ал заңның басты көздегені – баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/k-melet-zhas-a-tolma-an-balalar-a-salynatyn-tyyymdar-516966](https://yvision.kz/kk/post/k-melet-zhas-a-tolma-an-balalar-a-salynatyn-tyyymdar-516966)