---
title: "К.М. Даиыров, К.С. Үсеновке қатысты қылмыстық іс бойынша баспасөз хабарламасы"
description: "2015 жылғы 20 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар аудандық соты ҚР ҚК 177 бабы 3 тармағы «г»..."
author: "sko_sud"
published: "2015-03-11T00:53:20+00:00"
modified: "2015-03-11T00:53:20+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-m-daiyrov-k-s-senovke-atysty-ylmysty-is-boyynsha-baspas-z-habarlamasy-481096"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-m-daiyrov-k-s-senovke-atysty-ylmysty-is-boyynsha-baspas-z-habarlamasy-481096/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# К.М. Даиыров, К.С. Үсеновке қатысты қылмыстық іс бойынша баспасөз хабарламасы

> 2015 жылғы 20 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар аудандық соты ҚР ҚК 177 бабы 3 тармағы «г»...

![К.М. Даиыров, К.С. Үсеновке қатысты қылмыстық іс бойынша баспасөз хабарламасы](https://storage.yvision.kz/images/user/sko_sud/wKcRKAZz40Nae9RnaKZDtezHA38nBt.jpg)

2015 жылғы 20 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар аудандық соты ҚР ҚК 177 бабы 3 тармағы «г» тармақшасы, 24 бабы 3 тармағымен көзделген қылмысты жасағаны үшін К.М. Даировқа және К.С. Үсеновке қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды.

Соттың анықтағаны К.М. Даиров пен К.С. Үсенов лауазымды тұлға және билік уәкілдері бола тұра, атап айтқанда К.М. Даиыров аудандық ІІБ бастығының тергеу бойынша орынбасары, К.С. Үсенов аудандық ІІБ полицияның учаскелік инспекторы өзара қылмыс жасауға сөз байласып, М.Ю. Ершовтың қаржы құралдарын алаяқтық жасау арқылы ұрлауға бағытталған, өздерінің қылмыстық ойларын орындау мақсатында, алдау және сенімге қиянат жасау арқылы М.Ю. Ершовқа өздерінің лауазымдық жағдайларына байланысты 2014 жылғы 20 шілдеде М.Ю. Ершовтың азамат М. Білімханға денесіне жарақат салу фактісі бойынша алдын ала тергеу материалдары бойынша қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы мәселені оң шешеміз деп уәде берген, алайда мұны істеуді ойламаған, себебі аталған материал бойынша алдын ала тергеуді процессуалдық дербес тұлға болып табылатын ІІБ тергеу бөлімінің тергеушісі айналысқан.

К.С. Үсенов ақша алу кезінде, қылмыс жасау орнында ұсталған, сондықтан қылмыс оларға байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейiн жеткiзiлмеген.

Сот сотталғандар өздерінің құқыққа қарсы іс-әрекетімен заңмен көзделген мемлекеттік аппараттың және онымен байланысты мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару, сондай-ақ азаматтар мен ұйымдардың заңдылықты және ҚР Конституциясын сақтау аясындағы заңды мүдделеріне қол сұққанын анықтады.

Қылмыс жасау нәтижесінде жәбірленушіге нақты зиян келмесе де, жасалған қылмыс қоғамның алдында мемлекеттік биліктің абыройына нұқсан келтіреді.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде, сонымен қатар қылмыстық жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жайларды, сотталушылардың жеке басын ескеріп, сот барлық өздеріне тиесілі мүлікті тәркілеп К.М. Даиыровты 4 (төрт) жыл, К.С. Үсеновті 3 (үш) жыл бас бостандығынан айырып, жазаны жалпы режимді түзеу колониясына өтеуді тағайындаған. Сонымен қатар, сотталғандарға мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан 2 жыл мерзімге айыру туралы қосымша жаза тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/k-m-daiyrov-k-s-senovke-atysty-ylmysty-is-boyynsha-baspas-z-habarlamasy-481096](https://yvision.kz/kk/post/k-m-daiyrov-k-s-senovke-atysty-ylmysty-is-boyynsha-baspas-z-habarlamasy-481096)