---
title: "Күлсең кәріге күл..."
description: "Мынау да сондай бір тәтті күлкі. Анау күні тоқсанға толған бір атамыз Нұрлан ағаға келді. - Айнала..."
author: "Beibit_Sarybai"
published: "2018-01-31T16:32:06+00:00"
modified: "2018-01-31T16:32:06+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-lse-k-rige-k-l-794866"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-lse-k-rige-k-l-794866/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Күлсең кәріге күл...

> Мынау да сондай бір тәтті күлкі. Анау күні тоқсанға толған бір атамыз Нұрлан ағаға келді. - Айнала...

Мынау да сондай бір тәтті күлкі. Анау күні тоқсанға толған бір атамыз Нұрлан ағаға келді.

- Айналайын, үлкен той жасамаймын, дүрілдетіп өткізбеймін. Ағайын-туыс пен құда-жекжатқа бір шәйін берермін,-деді. Содан кейін әңгіменің аяғында Нұрлан аға:
- Маған қандай тапсырма бересіз, не өтінішіңіз бар?-деді. Ана кісі аз-кем ойланып отырды да:
- Ана, қолымдағы кіші балам жұмыссыз қалды. Соған жұмыс қарастырсаң...-деді. Нұрлан аға:
- Ол балаңыз қаншада еді?-деді. Сондағы атамның жауабы:
- Осы жазда алпыс бірге толды ғой... Құдай бақ берем десе үйіп-төгіп береді екен ғой иә. Алпыс бірдегі балаңа жұмыс іздеп жүрсең, одан өткен бақыт жоқ шығар.

Ақпарат көзі

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/k-lse-k-rige-k-l-794866](https://yvision.kz/kk/post/k-lse-k-rige-k-l-794866)