---
title: "Күлімдеу"
description: "Күлімдеу: үйде бақыт, жұмыс орнында жетістіктің көзі.• Күлімдеу: ішкі сұлулықтың сыртқа шығуы.• Күлі..."
author: "Qoblandy"
published: "2017-10-11T23:34:32+00:00"
modified: "2017-10-11T23:34:32+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-limdeu-781389"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-limdeu-781389/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Күлімдеу

> Күлімдеу: үйде бақыт, жұмыс орнында жетістіктің көзі.• Күлімдеу: ішкі сұлулықтың сыртқа шығуы.• Күлі...

Күлімдеу: үйде бақыт, жұмыс орнында жетістіктің көзі.• Күлімдеу: ішкі сұлулықтың сыртқа шығуы.• Күлімдеу: аз ғана уақыт алады, бірақ кейде мәңгілікке есте қалады.• Өмір – айна сияқты. Күлімдеп қарасаң, ол да күледі. Қабағыңды түйсең, ол да саған қатаңшылық етеді.• Күлімдеу: берген адамды шығынға ұшыратпайды, ал алған адамды байытатын ерекше дүние. • Күлімдеген адам басқаларды жылы қабылдайды деген сөз. • Жұмысы мен жарынан сенімді және разы болған адам әрдайым күлімдеп жүреді. • Күлімдеу: өзара құрмет, сүйіспеншіліктің кілті. • Күлімдеу: сол сәтті нұрландыру деген сөз. • Күлімдеу: өзімді де, сіздерді де жақсы көремін деген сөз. • Күлімдеу: бақытты және рахат өмір сүрудің кілті. • Күлімдеу: көңілдер арасындағы сүйіспеншіліктен жасалған көпір. • Күлімдеу: ең арзан және ең қадірлі сыйлық. • Күлімдеу: адамның рухында ашылған гүлдердің айналамызға сүйіспеншілікпен берілуі. • Екі адам арасындағы ең қысқа байланыс – күлімдеу. • Шаршаған адамның мауқымын басады, үмітсізге шаттық сыйлайды. • Кейбір адамдар күлімдей алмайды. Ондайларға сіз күлімдеңіз. • Күлімдеудің ешқандай материалдық шығыны және физикалық ауыртпалығы жоқ. Керісінше күлімдеу адамға көп пайдалар әкеледі. Әрдайым күлімдеп жүрейік.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/k-limdeu-781389](https://yvision.kz/kk/post/k-limdeu-781389)