---
title: "Көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлеріне арналған түсіндіру жұмыстары жүргізілді"
description: "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Б..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2019-02-15T12:40:32+00:00"
modified: "2019-02-15T12:40:32+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-liktik-ba-ylau-inspekciyasy-yzmetkerlerine-arnal-an-t-sindiru-zh-mystary-zh-rgizildi-826398"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-liktik-ba-ylau-inspekciyasy-yzmetkerlerine-arnal-an-t-sindiru-zh-mystary-zh-rgizildi-826398/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлеріне арналған түсіндіру жұмыстары жүргізілді

> Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Б...

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі талаптарын түсіндіру мақсатында, Батыс Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының Әдеп жөніндегі уәкілінің қатысуымен мемлекеттік органның қызметкерлері арасында жиын өткізілді.

Жиын барысында Департаменттің мемлекеттік қызмет саласын бақылау басқармасының басшысы Ж.Мұратов, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелеріне қатысты негізгі міндеттерін түсіндірді.

Жиын жұмысы соңында мемлекеттік қызметшілерді қызықтыратын мәселелер бойынша қойылған сұрақтарға сәйкесінше түсінік берілді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/k-liktik-ba-ylau-inspekciyasy-yzmetkerlerine-arnal-an-t-sindiru-zh-mystary-zh-rgizildi-826398](https://yvision.kz/kk/post/k-liktik-ba-ylau-inspekciyasy-yzmetkerlerine-arnal-an-t-sindiru-zh-mystary-zh-rgizildi-826398)