---
title: "Көлікке де жын тие ме? Молданың мәлімдемесі жұртты таңғалдырды"
description: "Әлеуметтік желіде күнде мың қызық, әйтеуір. TikTok-та бір молданың дін әлеміне қатысты ақылға..."
author: "jan.123"
published: "2024-01-13T05:26:47+00:00"
modified: "2024-01-13T05:26:47+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-likke-de-zhyn-tie-me-moldany-m-limdemesi-zh-rtty-ta-aldyrdy-999824"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-likke-de-zhyn-tie-me-moldany-m-limdemesi-zh-rtty-ta-aldyrdy-999824/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Көлікке де жын тие ме? Молданың мәлімдемесі жұртты таңғалдырды

> Әлеуметтік желіде күнде мың қызық, әйтеуір. TikTok-та бір молданың дін әлеміне қатысты ақылға...

*Әлеуметтік желіде күнде мың қызық, әйтеуір. TikTok-та бір молданың дін әлеміне қатысты ақылға сыймайтын нәрсені айтып тұрған видеосы жарияланды.*

![Көлікке де жын тие ме? Молданың мәлімдемесі жұртты таңғалдырды](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/b4dca75564712f0f49487778226239.jpg)

Видеода сөйлеп тұрған адам көлікте де көз болатынын, яғни оған да жын тиетінін айтып, желідегі жұртты таңғалдырды.

«Өзіміздің таныс ағамыздың басында болған проблема. Жап-жаңа машина өзінен өзі қорабынан май кетті. Ол көлік қорабының бөлшектерін арнайы тапсырыспен түгел алдырды. Және алты рет сол қорабын ашып-жапты. Бірақ проблема тоқтаған жоқ. Тіпті көлік жөндеу орнындағы қызметкерлердің өздерінің, жалпақ тілмен айтқанда, көздері алақандай болды. Сосын Алланың қалауымен көлікті бізге алып келді. Көлікке дем салдық. Көлікке құран оқыдық. Сол кезде Алланың қалауымен барлық нәрсе бірден тоқтады», – дейді молда.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/k-likke-de-zhyn-tie-me-moldany-m-limdemesi-zh-rtty-ta-aldyrdy-999824](https://yvision.kz/kk/post/k-likke-de-zhyn-tie-me-moldany-m-limdemesi-zh-rtty-ta-aldyrdy-999824)