---
title: "Көлік және коммуникация министрі Ақкөлдегі Дата-орталықта болды"
description: "Еліміздің Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев Ақкөлдегі дата-орталықтың жұмысымен таны..."
author: "YourKazakhTelecom"
published: "2013-11-13T06:46:23+00:00"
modified: "2013-11-13T06:51:12+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-lik-zh-ne-kommunikaciya-ministri-a-k-ldegi-data-ortaly-ta-boldy-384730"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-lik-zh-ne-kommunikaciya-ministri-a-k-ldegi-data-ortaly-ta-boldy-384730/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Көлік және коммуникация министрі Ақкөлдегі Дата-орталықта болды

> Еліміздің Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев Ақкөлдегі дата-орталықтың жұмысымен таны...

**Еліміздің Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев Ақкөлдегі дата-орталықтың жұмысымен танысты. Министр дата-орталықтың бірегей географиялық орналасу жағдайына және техникалық жарақталуына жоғары баға берді.**

![Көлік және коммуникация министрі Ақкөлдегі Дата-орталықта болды](https://storage.yvision.kz/images/user/yourkazakhtelecom/i2TUsw4i7hMw5TcbtJvW2E3FHkd8OF.jpg)

Ақкөлдегі дата-орталық ағымдағы жылдың қазан айынан бастап жұмыс істей бастады. Бұл нысан бірегей конструкцияға ие. Дата-орталық бункер түрінде жасалған. Өнеркәсіптік аумақтардан алыс орналасуы және бірегей географиялық жағдайы орталықтың апатты жағдайлардың салдарынан істен шығу ықтималдығын барынша азайтады.

![Көлік және коммуникация министрі Ақкөлдегі Дата-орталықта болды](https://storage.yvision.kz/images/user/yourkazakhtelecom/acp3Xf7nRKAC1gE7dT0DC5I6jJO388.jpg)

Басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевтің айтуынша, Ақкөлдегі ақпараттық-коммуникациялық орталықтың сапалы және сенімді техникалық жарақталуы мемлекеттік органдарға, мемлекеттің үлесі бар корпоративтік бизнестерге ресурстар ұсынуға мүмкіндік береді.

![Көлік және коммуникация министрі Ақкөлдегі Дата-орталықта болды](https://storage.yvision.kz/images/user/yourkazakhtelecom/XwkVDfL45DuSHl37vd7LyEya72n4Pl.jpg)

Дата-орталықтың сенімділік деңгейі - Tier II, ауданы – 480 м2, сервистік бағандардың саны - 80, сыйымдылығы – 1 000 бірлік жабдық, қуаты: 1 MВт, резерв деңгейі - N+1, қосылу арнасы - 20 Гб/с, деректерді өңдеу орталығының қолжетімділігі - 99,749%.

![Көлік және коммуникация министрі Ақкөлдегі Дата-орталықта болды](https://storage.yvision.kz/images/user/yourkazakhtelecom/W6rjBBX96rA4x2iqFfrkol5ZvpHIg6.jpg)

![Көлік және коммуникация министрі Ақкөлдегі Дата-орталықта болды](https://storage.yvision.kz/images/user/yourkazakhtelecom/Apvxrfk4nyT9h9gDux0cQcsiMQ6VzS.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/k-lik-zh-ne-kommunikaciya-ministri-a-k-ldegi-data-ortaly-ta-boldy-384730](https://yvision.kz/kk/post/k-lik-zh-ne-kommunikaciya-ministri-a-k-ldegi-data-ortaly-ta-boldy-384730)