---
title: "Көлік сатып аламын!"
description: "6 сыныпта көлік руліне алғаш отырып, бензовозбен жүк машинасының ағаш кузовын қиратқанмын. Одан кейі..."
author: "Omirhan"
published: "2017-07-29T01:56:08+00:00"
modified: "2017-07-29T01:56:08+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-lik-satyp-alamyn-774261"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-lik-satyp-alamyn-774261/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Көлік сатып аламын!

> 6 сыныпта көлік руліне алғаш отырып, бензовозбен жүк машинасының ағаш кузовын қиратқанмын. Одан кейі...

![Көлік сатып аламын!](https://storage.yvision.kz/images/user/omirhan/ZO7aREU64OmucM32r0Pxw801xQ0xy7.jpg)

6 сыныпта көлік руліне алғаш отырып, бензовозбен жүк машинасының ағаш кузовын қиратқанмын. Одан кейін "Урал" мотоциклімен бұзау қағып, пышаққа іліндірдім.Трактормен бір рет электр бағанын қисайтып, бір рет гараж қақпасын майыстырдым.Жолаушы ретінде бірнеше шағын апаттарды санамағанда, 1991 жылы қарсы келе жатқан көлікке соғысып шашылып қалған "Раф" микроавтобусының қирандысының астынан періште қағып бәйбішем екеуміз аман шықтық. Содан кейін "көлік жүргізу" менің қолым емес екен деп шешкенмін.. Кейін ұлдар өздері алды, бірақ бізді қыдыртуға жұмыстан қолдары босай бермейді. Немерем есін білгелі "Апам үшеуміз бір машина алайық"-деп мазалап жүр.. Зерттеп көрсем, мен секілді дәруішке ең қолайлысы "Тойота-Тундра" көлігі екен. Жол талғамайды. Иә, бағасы қымбаттау, есесіне қарсы келген анау-мынау көліктер сұсынан ығып өздері-ақ жол береді

![Көлік сатып аламын!](https://www.facebook.com/images/emoji.php/v9/f4c/1/16/1f642.png)

:-) Сонымен ендігі мақсат осы көлікті сатып алу. Тендер жарияланды деп есептеңіздер де, ұсыныстарыңыз болса айта беріңіздер

![Көлік сатып аламын!](https://www.facebook.com/images/emoji.php/v9/f4c/1/16/1f642.png)

:-) Тек "Ер мойнында қыл арқан шірімейді!"-деген емеурінді түсінсеңіздер болғаны..

![Көлік сатып аламын!](https://www.facebook.com/images/emoji.php/v9/f4c/1/16/1f642.png)

:-) [www.toyota.kz/index.json](http://www.toyota.kz/index.json)[#www_toyota_kz_index_json](https://www.facebook.com/hashtag/www_toyota_kz_index_json) [#www_toyota](https://www.facebook.com/hashtag/www_toyota) [#toyota](https://www.facebook.com/hashtag/toyota)[#тойота](https://www.facebook.com/hashtag/%D1%82%D0%BE%D0%B9%D0%BE%D1%82%D0%B0)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/k-lik-satyp-alamyn-774261](https://yvision.kz/kk/post/k-lik-satyp-alamyn-774261)