---
title: "Көкшетауда жылу орталығының қай жерге салынатыны белгілі болды"
description: "Көкшетауда ЖЭО құрылысының орны анықталды. ​ Өткен жылы Қазақстан және Ресей Үкіметтерінің арасында..."
author: "orazali"
published: "2024-02-04T05:20:55+00:00"
modified: "2024-02-04T06:25:35+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-kshetauda-zhylu-ortaly-yny-ay-zherge-salynatyny-belgili-boldy-1000647"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-kshetauda-zhylu-ortaly-yny-ay-zherge-salynatyny-belgili-boldy-1000647/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Көкшетауда жылу орталығының қай жерге салынатыны белгілі болды

> Көкшетауда ЖЭО құрылысының орны анықталды. ​ Өткен жылы Қазақстан және Ресей Үкіметтерінің арасында...

*Көкшетауда ЖЭО құрылысының орны анықталды. *

![Көкшетауда жылу орталығының қай жерге салынатыны белгілі болды](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/6dea2494640b2b3dce885a2e06b8fe.jpg)

*​*Өткен жылы Қазақстан және Ресей Үкіметтерінің арасында еліміздің үш қаласында ЖЭО салу жөнінде меморандумға қол қойылды, соның бірі — Көкшетау қаласында.

«Құрылыс алаңы қазірдің өзінде анықталды, оның ауданы 120 гектар. Біз оны РК-1 және РК-2 жылу қазандықтарының жанынан салуды жоспарлап отырмыз. Оған арналған жер әлдеқашан бөлінген. Ол жерді таңдаған себебіміз, ЖЭО жұмысын бастаған кезде қазіргі қазаңдықтар көмекші болады» — деді Ақмола облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Данияр Қуанышбаев.

inform.kz

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/k-kshetauda-zhylu-ortaly-yny-ay-zherge-salynatyny-belgili-boldy-1000647](https://yvision.kz/kk/post/k-kshetauda-zhylu-ortaly-yny-ay-zherge-salynatyny-belgili-boldy-1000647)