---
title: "Көкшетауда «Үздік Адал ұрпақ – 2017» облыстық байқауы өтті"
description: "А.ж. 10 қазан күні Ақмола облысында «Үздік Адал ұрпақ – 2017» облыстық байқауы өтті. Байқаудың мақса..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2017-10-13T06:41:16+00:00"
modified: "2017-10-13T06:45:42+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-kshetauda-zdik-adal-rpa-2017-oblysty-bay-auy-tti-781612"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-kshetauda-zdik-adal-rpa-2017-oblysty-bay-auy-tti-781612/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Көкшетауда «Үздік Адал ұрпақ – 2017» облыстық байқауы өтті

> А.ж. 10 қазан күні Ақмола облысында «Үздік Адал ұрпақ – 2017» облыстық байқауы өтті. Байқаудың мақса...

![](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorr03akmol/VkL7V18aLB4MTx3V9SluUJsOsf05t0.jpg) А.ж. 10 қазан күні Ақмола облысында «Үздік Адал ұрпақ – 2017» облыстық байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты – Өскелең ұрпақты адамгершілігі мол, жауапты, талапты және әлеуметті білікті азамат, өз елінің патриоты етіп қалыптастырып, дамыту.

Іс-шараға Ақкөл, Атбасар, Еңбекшілдер, Есіл, Жақсы, Жарқайың, Зеренді, Саңдықтау, Целиноград аудандары және Көкшетау, Степногорск қаласынан жалпы саны 120 – дан астам оқушы қатысты.

Байқауға қазылар алқасының мүшесі ретінде Департаменттің өкілі С. Бекажанова қатысты.

Алғашқы кезеңде байқауға қатысушылар өз командаларын театрландырылған көрініс немесе агитбригада түрінде таныстырды, екінші кезең клубтың 2016-2017 оқу жылында өткізген іс-шаралар бойынша есеп. Үшінші кезең – «Адал ұрпақ» клубының жұмысы туралы бейнеролик.

Өте қызықты және тартысты өткен байқаудың нәтижелері бойынша төмендегі топ құрамалары жүлделі орындарды өзара бөлісті:

І –орын. Көкшетау қаласы М. Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын кәсіби мектеп-гимназиясы;

ІІ – орын. Жақсы ауданы Киевка орта мектебі;

ІІІ – орын. Сандықтау ауданы №1 Балкашино орта мектебі.

Байқаудың жеңімпаздары мен қатысушылары диплом, алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Басты сыйлық «Үздік Адал ұрпақ – 2017» облыстық байқауының кубогы І –орын иегері Көкшетау қаласы М.Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын кәсіби мектеп-гимназиясына табысталды**.**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/k-kshetauda-zdik-adal-rpa-2017-oblysty-bay-auy-tti-781612](https://yvision.kz/kk/post/k-kshetauda-zdik-adal-rpa-2017-oblysty-bay-auy-tti-781612)