---
title: "Көкшетауда заманауи теннис орталығы ашылды"
description: "Көкшетауда әлемдік стандарттармен жабдықталған теннис орталығы ашылды, деп хабарлады ҚР Теннис фед..."
author: "kazsportagent"
published: "2013-12-19T07:28:25+00:00"
modified: "2013-12-19T07:29:03+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-kshetauda-zamanaui-tennis-ortaly-y-ashyldy-391445"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-kshetauda-zamanaui-tennis-ortaly-y-ashyldy-391445/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Көкшетауда заманауи теннис орталығы ашылды

> Көкшетауда әлемдік стандарттармен жабдықталған теннис орталығы ашылды, деп хабарлады ҚР Теннис фед...

[!\[Көкшетауда заманауи теннис орталығы\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/12/%D0%B7%D0%B0%D0%B3%D1%80%D1%83%D0%B6%D0%B5%D0%BD%D0%BD%D0%BE%D0%B5-121.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/12/%D0%B7%D0%B0%D0%B3%D1%80%D1%83%D0%B6%D0%B5%D0%BD%D0%BD%D0%BE%D0%B5-121.jpg)

Көкшетауда әлемдік стандарттармен жабдықталған теннис орталығы ашылды,

деп хабарлады ҚР Теннис федерациясының баспасөз қызметінен. Жаңа теннис клубында келушілерге барлық жағдай жасалған. Онда 3 ашық және 3 жабық теннис корты бар. Олардың барлығы да заманауи кәсіби жабындылармен жабдықталған. Айта кетерлігі, бұл спорт нысаны демеушілердің қаржысына салынған еліміздегі 7-ші теннис орталығы. Бұған дейін мұндай кешендер Алматы, Павлодар, Қызылорда, Өскемен қалаларында бой көтерген болатын. Теннис орталығының ашылу салтанатына ҚР Теннис федерациясының президенті Б.Өтемұратов, аталған федерацияның вице-президенті Әділ Бөрібаев, Ақмола облысының әкімі Қосман Айтмұхамбетов қатысты.

АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: [Марлан Жиембай](http://www.inform.kz/kaz/searchauthor/41)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/k-kshetauda-zamanaui-tennis-ortaly-y-ashyldy-391445](https://yvision.kz/kk/post/k-kshetauda-zamanaui-tennis-ortaly-y-ashyldy-391445)