---
title: "Көкшетауда Мемлекеттік қызметші күніне орай спорттық іс-шаралар өтті"
description: "Мемлекеттік қызметші күніне орай ұйымдастарылған іс-шаралар аясында ағымдағы жылдың 17-18 маусымы кү..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2016-06-20T06:13:54+00:00"
modified: "2016-06-20T06:13:54+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-kshetauda-memlekettik-yzmetshi-k-nine-oray-sportty-is-sharalar-tti-698542"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-kshetauda-memlekettik-yzmetshi-k-nine-oray-sportty-is-sharalar-tti-698542/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Көкшетауда Мемлекеттік қызметші күніне орай спорттық іс-шаралар өтті

> Мемлекеттік қызметші күніне орай ұйымдастарылған іс-шаралар аясында ағымдағы жылдың 17-18 маусымы кү...

Мемлекеттік қызметші күніне орай ұйымдастарылған іс-шаралар аясында ағымдағы жылдың 17-18 маусымы күндері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) Ақмола облысының Дене тәрбиесі және спорт басқармасымен (бұдан әрі - Басқарма) бірлесіп, мемлекеттік қызметшілер арасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысының тестілері және «Тоғыз құмалақ» зияткерлік ойыны бойынша спорттық іс-шараларды өткізді. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен бұқаралық велошеру болып өтті.

Өткізілген спорттық іс-шаралардың негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілерді бұқаралық спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, сол арқылы басқарушы кадрлардың денсаулығын нығайту. Қатардағы мемлекеттік қызметшілермен бірге сайыстарға басшылар да қатысып, салауатты өмір салтын насихаттады, сөйтіп, өз үлгілерімен Елбасы Н. Назарбаев қойған міндеттерді іс жүзінде жүзеге асырды.

Бірінші күні «Бурабай» спорт сарайында сайыстардың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ашылу рәсімінен кейін қатысушылар жүзуден және «Тоғыз құмалақ» ойынын ойнаудан бақ сынасты. Күннің екінші жартысында Олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шаңғы базасында мемлекеттік қызметшілер спринтерлік жүгіру мен кроссқа қатысу үшін жүгіру жолына шықты.

Екінші күнге ерлер пневматикалық винтовкалардан ату, граната лақтыру, ұзындыққа секіру, кермеде тартылу, әйелдер жату қалпында дененің иілу және бүгілу жаттығулары бойынша сайысқа түсті.

«Тоғыз құмалақ» ойынында ерлер арасында жеке есеп бойынша А. Әбжанов жеңімпаз атанды (Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы), екінші орынды Р.Каримов (Тексеру комиссиясы), үшінші орынды А. Әлімжанов (Мемлекеттік кірістер департаменті) иеленді.

Әйелдер арасында жеке есеп бойынша А. Қайырбек жеңімпаз атанды (Құрылыс басқармасы), екінші орынды Г. Кинжалина (Құрылыс басқармасы), үшінші орынды Г. Тілеубаева (Бұланды ауданы әкімінің аппараты) иеленді.

Командалық есепте бірінші орынды Қазынашылық департаменті, екінші орынды Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, үшінші орынды Құрылыс басқармасы жеңіп алды.

18 маусым күнгі 12.00 сағатта спорттық бағдарлама 100-ден аса адам қатысқан, ұзындығы 8 шақырымға созылған бұқаралық велошерумен мәресіне жетті. «Жеңімпаз» аталымы бойынша 2001ж.т. С. Срибный, «Мақсатқа жетуге құштарлық» аталымы бойынша 1938 ж.т. Б. Жилтыкин, «Ең үлкен команда» аталымы бойынша Ақмола облысының Ішкі істер департаменті марапатталды.

![Көкшетауда Мемлекеттік қызметші күніне орай спорттық іс-шаралар өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorr03akmol/ldvOZC5a9Dn5M2d9ZbajAsRDv6DQ39.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/k-kshetauda-memlekettik-yzmetshi-k-nine-oray-sportty-is-sharalar-tti-698542](https://yvision.kz/kk/post/k-kshetauda-memlekettik-yzmetshi-k-nine-oray-sportty-is-sharalar-tti-698542)