---
title: "Көкшетауда қарияның аяғы қопсытқыштың айналмалы..."
description: "Көкшетаудағы жеке тұрғын үйдің учаскесінде жұмыс істеу барысында 1952 жылы туған ер адамның аяғы жер қопсытқыштың айналмалы механизміне тартылып кеткен. Шақырту орнына Жедел құтқару жасағының құтқарушылары мен Медициналық жедел жәрдем бригадасы..."
author: "seri.jigit"
published: "2024-06-12T12:55:50+00:00"
modified: "2024-06-12T12:55:50+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-kshetauda-ariyany-aya-y-opsyt-yshty-aynalmaly-mehanizmine-tartylyp-ketken-1005591"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-kshetauda-ariyany-aya-y-opsyt-yshty-aynalmaly-mehanizmine-tartylyp-ketken-1005591/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Көкшетауда қарияның аяғы қопсытқыштың айналмалы...

> Көкшетаудағы жеке тұрғын үйдің учаскесінде жұмыс істеу барысында 1952 жылы туған ер адамның аяғы жер қопсытқыштың айналмалы механизміне тартылып кеткен. Шақырту орнына Жедел құтқару жасағының құтқарушылары мен Медициналық жедел жәрдем бригадасы...

Көкшетаудағы жеке тұрғын үйдің учаскесінде жұмыс істеу барысында 1952 жылы туған ер адамның аяғы жер қопсытқыштың айналмалы механизміне тартылып кеткен.

Шақырту орнына Жедел құтқару жасағының құтқарушылары мен Медициналық жедел жәрдем бригадасы дереу келіп жетті.

ТЖМ қызметкерлері қысылып қалған аяқты арнайы құралдардың көмегімен босатып алды. Олар дәрігерлермен бірге алғашқы көмек көрсетіп, зардап шеккен зейнеткер ауруханаға жатқызылды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/k-kshetauda-ariyany-aya-y-opsyt-yshty-aynalmaly-mehanizmine-tartylyp-ketken-1005591](https://yvision.kz/kk/post/k-kshetauda-ariyany-aya-y-opsyt-yshty-aynalmaly-mehanizmine-tartylyp-ketken-1005591)