---
title: "Көкшетау техникалық институтындағы дәріс"
description: "А.ж. 14 қыркүйекте Көкшетау техникалық институтында Төтенше жағдайлар департаментінің кадр қызметіме..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2017-09-19T04:08:56+00:00"
modified: "2017-09-19T04:08:56+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-kshetau-tehnikaly-institutynda-y-d-ris-779197"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-kshetau-tehnikaly-institutynda-y-d-ris-779197/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Көкшетау техникалық институтындағы дәріс

> А.ж. 14 қыркүйекте Көкшетау техникалық институтында Төтенше жағдайлар департаментінің кадр қызметіме...

![Көкшетау техникалық институтындағы дәріс](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorr03akmol/Jr9wFPYBzz64Jl6lAA96JseX33C6pg.jpg)

А.ж. 14 қыркүйекте Көкшетау техникалық институтында Төтенше жағдайлар департаментінің кадр қызметімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы және Әдеп кодексін түсіндіру бойынша дәріс өткізілді. Іс-шараға Департаменттің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Д. Каконов қатысты.

Кездесу барысында Д. Каконов жиналғандардың назарын Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының жүзеге асырылу барысының негізгі бағыттарына, сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлде төзбеушілік атмосферасын қалыптастырудың әдістері мен тәсілдеріне аударды.

Кездесу соңында жиналғандарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтауына бағытталған бейнероликтер көрсетілді.

Іс-шараға 60 адам қатысты.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/k-kshetau-tehnikaly-institutynda-y-d-ris-779197](https://yvision.kz/kk/post/k-kshetau-tehnikaly-institutynda-y-d-ris-779197)