---
title: "Көкшетау қаласының №1 сервистік-техникалық колледжінің ұжымы сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас қалыптастыруда бірыңғай көзқарасты ұстануда"
description: "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департамен..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2016-04-22T06:18:29+00:00"
modified: "2016-04-22T06:20:51+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-kshetau-alasyny-1-servistik-tehnikaly-kolledzhini-zhymy-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-k-z-aras-alyptas-690282"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-kshetau-alasyny-1-servistik-tehnikaly-kolledzhini-zhymy-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-k-z-aras-alyptas-690282/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Көкшетау қаласының №1 сервистік-техникалық колледжінің ұжымы сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас қалыптастыруда бірыңғай көзқарасты ұстануда

> Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департамен...

![Көкшетау қаласының №1 сервистік-техникалық колледжінің ұжымы сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас қалыптастыруда бірыңғай көзқарасты ұстануда](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorr03akmol/0CrYdqHS0z3Cu0jy11VmEt5uktM4PU.jpg)

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) әзірлеген және Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № А-3/90 қаулысымен қабылданған Ақмола облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін және барлық құқық бұзушылық түрлеріне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру жөніндегі 2016 жылға арналған іс-шаралар жоспарының «Жоғары және орта арнайы оқу орындарында дәрістер ұйымдастыру» 5.5. тармағын іске асыру мақсатында 2016 жылдың 1 сәуірінде Көкшетау қаласының №1 сервистік-техникалық колледжінің ұжымымен кездесу өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі бағыттары бойынша түсініктеме жұмысын жүргізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін, барлық құқық бұзушылық түрлеріне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру.

Департаменттің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының қызметкері А.Амангелдина өз баяндамасында қазіргі уақыттағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алғы шарттарын, оны тудыратын себептер мен жағдайларды түбегейлі жоюға, оның деңгейін барынша азайтуға, қоғамда тәртіпсіздікке және ұсақ құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыруға бағытталған мәселелерін ашты, іс-шараға қатысушыларды «Адал жол – Честный путь» облыстық марафонына қатысуға шақырды.

Кездесуді қорытындылай келе, іс-шараға қатысушылар қоғамда тәртіпсіздікке және ұсақ құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыру қағидаты азаматтардың отансүйгіштік сана-сезімін қалыптастыру ісіндегі ең негізгі факторлардың бірі болып табылады деген бірыңғай пікірге келді.

Іс шараға 33 адам қатысты.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/k-kshetau-alasyny-1-servistik-tehnikaly-kolledzhini-zhymy-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-k-z-aras-alyptas-690282](https://yvision.kz/kk/post/k-kshetau-alasyny-1-servistik-tehnikaly-kolledzhini-zhymy-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-k-z-aras-alyptas-690282)