---
title: "КӘКІМЖАН ЕРҒАЛИЕВ: Дәрігер болу үшін – жүректілік пен мейрімділік керек!"
description: "Таныс болыңыз. Ерғалиев Кәкімжан Жәңгірханұлы. Білікті дәрігер. Өз маманының һас шебері. 2015 жылдан..."
author: "News-Aktau"
published: "2022-05-04T14:38:29+00:00"
modified: "2022-05-04T15:25:51+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-kimzhan-er-aliev-d-riger-bolu-shin-zh-rektilik-pen-meyrimdilik-kerek-966051"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-kimzhan-er-aliev-d-riger-bolu-shin-zh-rektilik-pen-meyrimdilik-kerek-966051/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# КӘКІМЖАН ЕРҒАЛИЕВ: Дәрігер болу үшін – жүректілік пен мейрімділік керек!

> Таныс болыңыз. Ерғалиев Кәкімжан Жәңгірханұлы. Білікті дәрігер. Өз маманының һас шебері. 2015 жылдан...

Таныс болыңыз. Ерғалиев Кәкімжан Жәңгірханұлы. Білікті дәрігер. Өз маманының һас шебері. 2015 жылдан бері "SofieMed Group" көпбағыттағы медициналық клиникасының уролог-андролог дәрігері, консультативті диагностикалық бөлімінің меңгерушісі. Жалпы еңбек өтілі 20 жыл. Үнемі ізденіс жолында өз біліктілігін әрдайым шыңдаумен келеді. 2000 жылы Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтын "Емдеу ісі" мамандығы бойынша тәмамдаған. 2015 жылы Алматы менеджмент университетін "Іскерлік басқару" мамандығы бойынша бітіріп шыққан. Әріптестері Кәкімжан Жәңгірханұлының бойындағы ең алдымен өз ісіне адалдығын алға тартады. Қызмет бабында дәрігерлік құпияны сақтай біледі, қандай жағдайда болмасын, келіп тұрған науқасқа көмек қолын созудан аянып қалған емес. Бойындағы бар күш-жігерін, алған білімін, бар тәжірибесін соңына дейін жұмсауға әрдайым дайын тұрады. Кәкімжан Ерғалиев жетекшілік ететін бөлімде дәрігерлер жиі бас қосып, кеңесетін және ақылдасатын кездер көп болады. Бұл бірінші кезекте ем қабылдаушы жандардың сауы¬ғып кетуіне деген жанашырлықтан, сапалы медициналық көмек көрсету үшін маңызды. Қазіргі медицина бұрынғы жылдармен салыстырғанда әлдеқайда алға жылжығанын байқау қиын емес.

Айта кету керек, "SofieMed Group" көпбағыттағы медициналық клиникасы маман-кадрлердің сапасына ерекше көңіл бөлуде. Осылайша медициналық қызметті жаңа деңгейге шығару арқылы, науқастарға күрделі оталар жасалып келеді. «Sofie Medgroup» медициналық клиникасының базасында бірнеше орталық жұмыстарын жемісті жалғастрып келеді. Жалпы клиникада ерекшелік көп, соның бірі әрі ең маңыздысы кез-келген операция жеңіл, ауыртпалықсыз және қауіпсіз жасалады. Ал медициналық көмек екі пакет аясында көрсетіледі, атап айтқанда "Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі" және "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру". Осылайша науқастарға таңдау құқығы берілген. Мекеме басшылығы өз мамандарының жақын және алыс шетелдерге барып, білгендерімен бөлісіп, тың да озық тәжірибелерін өз жұмыстарына енгізуді бастап кеткелі де біраз болды. Науқастар Ақтау және Жаңаөзен қалалары, аудандар мен елді-мекендерден де келеді. Тіпті өзге аймақтар, Ресейдің астана Мәскеуден де келіп сапалы медициналық көмекке қол жеткізіп жүргендері де бар. Жедел хирургиялық көмек көрсету жолға қойылған, яғни науқастарға ота жасау мен одан кейінгі жатып емделу процесіне ерекше мән берілген. Бұл ретте ең бастысы көрсетілетін медициналық қызметтің саны емес, сапасына баса назар аударылады. Медицина саласындағы соңғы озық технологиялар аса күрделі де ауыр операцияларды еш қиындықсыз жасауға толық мүмкіндік беріп отыр.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/k-kimzhan-er-aliev-d-riger-bolu-shin-zh-rektilik-pen-meyrimdilik-kerek-966051](https://yvision.kz/kk/post/k-kimzhan-er-aliev-d-riger-bolu-shin-zh-rektilik-pen-meyrimdilik-kerek-966051)