---
title: "Көкек әке жыры..."
description: "Алимент төлеуден қашатын әкелер өз баласынан айырылып қана қоймай, заңға қарсы әрекет жасайды. Бұнда..."
author: "zannawliza"
published: "2017-06-30T04:53:34+00:00"
modified: "2017-06-30T04:53:34+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-kek-ke-zhyry-771868"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-kek-ke-zhyry-771868/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Көкек әке жыры...

> Алимент төлеуден қашатын әкелер өз баласынан айырылып қана қоймай, заңға қарсы әрекет жасайды. Бұнда...

Алимент төлеуден қашатын әкелер өз баласынан айырылып қана қоймай, заңға қарсы әрекет жасайды. Бұндай әкелерге заң жүзінде шара қолданып жатқандары дұрыс.

Астанада жиырмадан астам адам қамауға алынды. Олар туған перзентіне алимент төлемей, жауапкершіліктен жалтарғаны үшін осындай жағдайға ұшырап отыр.

Елордамызда алимент төлемей жүргендерге жалақысы 100-200 мың теңге аралығында болатын жұмыс ұсынылды. Бұл бастаманы астаналық құрылыс компаниялары қолдап отырған көрінеді. Жоба бойынша, алимент төлемеген 700 борышкерді қызметке алу ұсынылыпты. Шара - "Балаңды есіңе ал-алимент төле" жобасы аясында жүргізіліп отыр. Қазірде, 300 ден астам борышкер жұмыспен қамтылған. Мақсаты белгілі, алдымен жұмыссыздарды қызметке орналастырып, сол арқылы алименттерін төлеуге жағдай жасау. Іздестіру шаралары да тоқтамағанға ұқсайды. Борышкерлерден 23 млн теңгеден астам қаржы өндіріліп алыныпты. Олардың барлығы кәмелетке толмағандарға беріліпті. 45-і әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/k-kek-ke-zhyry-771868](https://yvision.kz/kk/post/k-kek-ke-zhyry-771868)