---
title: "Көк тудың желбірегені!"
description: "Көктудың желбірегені -Қазақтың асқақ беделі.Махаббат, қайрат екеулеп,шымырлатқаны денені. Көктудың ..."
author: "izgilik"
published: "2011-10-22T07:26:52+00:00"
modified: "2011-10-22T07:28:16+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-k-tudy-zhelbiregeni-200530"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-k-tudy-zhelbiregeni-200530/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Көк тудың желбірегені!

> Көктудың желбірегені -Қазақтың асқақ беделі.Махаббат, қайрат екеулеп,шымырлатқаны денені. Көктудың ...

Көктудың желбірегені - Қазақтың асқақ беделі. Махаббат, қайрат екеулеп, шымырлатқаны денені.

Көктудың желбірегені - жаныма қуат береді. Таласқа түссе жан мен ту жан емес, маған керегі- Көктудың желбірегені.

Көктудың желбірегені- елдіктің асқақ өлеңі, әр жаққа тартпай, Қазағым, бір сөзге жинал дегені.

Көктудың желбірегені - бақыттың елжірегені, қиырда қалған Қазақтың Азат отанға жете алмай көзінің мөлдірегені.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/k-k-tudy-zhelbiregeni-200530](https://yvision.kz/kk/post/k-k-tudy-zhelbiregeni-200530)