---
title: "Көңілдің құлы..."
description: "... Қазір, әркім бірдеңелерді ойлап, соңынан кетіп, кейін өзін жоғалтып алады. Ондай адамдардың өз о..."
author: "aykenbazarbai"
published: "2016-08-03T08:01:43+00:00"
modified: "2016-08-03T08:01:43+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-ildi-ly-705240"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-ildi-ly-705240/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Көңілдің құлы...

> ... Қазір, әркім бірдеңелерді ойлап, соңынан кетіп, кейін өзін жоғалтып алады. Ондай адамдардың өз о...

... Қазір, әркім бірдеңелерді ойлап, соңынан кетіп, кейін өзін жоғалтып алады. Ондай адамдардың өз орнын, өз табиғатын тауып алуы қиын. Мықты психолог-маманның кеңесіне жүгінгенде ғана шешудің жолын сілтейді. Айтпайды, көбіне, сілтеп жібереді. Осындай кезде, көңілдің ажары-күлкінің өзі, уытты қайтаратын күшке ие екенін біз біле бермейміз. Білсек те, мән бермейміз. Енді ше, берілгіміз келмейді.

Қойш, бос сөзді доғарып, нақты «темама» көшейін. Мына, Тұрсынбек дегенді көріп, кезінде маған сабақ берген ағай көз алдыма елестейді де тұрады. Әрине, ол тірі, бар ғой, бұ дүниеде. Бірақ, маған енді оның «пайдасы» жоқ.)) Сол, Тұрсынбекті қазір «меншіктеп», жоға, «жалға» алсаң болады. Ақысын төлеңіз, тойыңызды қатырып тұрып басқарып кетеді. Келген адамдарға, өз счетыңыздан концерт бересіз. Құда да тыныш, құдағи да тыныш. Елде риза. Бағасын айтпай-ақ қояйын... Тойдағысы енді мықты, әсіресе, қазақы тойларды кәдімгідей жыртады. Би керек пе?, билетеді... Күлкіні енді айтпай-ақ қояйын, шегіңіз қатееееп, түйіліп қаларсыз))

Сүйткен, Тұрсынбек бір демалмайды. Әлде, жұртты күлдіріп жүріп дем алады ма екен, а?) “Сәлем, Қазақстаннан” мен қалам ба деп соған ұқсас бір жобаны бастауға ниеттеніпті. Сіздерден бата сұрайды. Жобаға қатысы бар бір азаматты сөзге тартайық. Өзінің аты-жөнін жарияламауды өтінді:

«Бүгінгі таңда әзіл-сықақтық бағдарламалар көрермендер арасында сұранысқа ие болып отыр. Оның бірден-бір дәлелі “Қазақстан” ұлттық арнасы арқылы көпшілікке жол тартып жүрген “Әзіл әлемі” бағдарламасы әр сенбі, жексенбі күндері қайталауымен қойылғанның өзінде көрерменнің сұранысына ие болып отырса, “Жайдарман” ойындары, “Көңілашар” “Бәрекелді” бағдарламалары жастар арасында кеңінен танымал болып, жоғары рейтингтер беріп, қазақи әзілдерімен көпшілікті таң қалдыруда. Республика бойынша танымалдылыққа ие болып отырған 18 әзіл-сықақ театрлары бар. Аталған әр театр ұжымдары ҚМО ғимаратының “Киноконцерт” залында аптасына бір рет әзілден құрылған концерт беріп отырады. Көрерменге телевизиялық нұсқасы ұсынылады»

Осылай деді, әрі қарай сұрағымызға, уақыт жоқ деп жауап бермеді. Сол айтайын дегенім. Жақсы, онда.

![Көңілдің құлы...](https://storage.yvision.kz/images/user/aykenbazarbai/4Kc3E9s31AxSHP6ZzQA1aXS3DUg0F2.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/k-ildi-ly-705240](https://yvision.kz/kk/post/k-ildi-ly-705240)