---
title: "Көңілді бүлдіргіштер"
description: "Жаз! Сондай жұмсақ, нәзік сөз! Егер де көзіңді сәл жұмып, „Жаз„ сөзін бөліп-бөліп айтсаң, көз алдыңа..."
author: "altynsaryn_obzhk_qst"
published: "2019-06-07T11:58:04+00:00"
modified: "2019-06-07T11:58:04+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-ildi-b-ldirgishter-834025"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-ildi-b-ldirgishter-834025/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Көңілді бүлдіргіштер

> Жаз! Сондай жұмсақ, нәзік сөз! Егер де көзіңді сәл жұмып, „Жаз„ сөзін бөліп-бөліп айтсаң, көз алдыңа...

Жаз! Сондай жұмсақ, нәзік сөз! Егер де көзіңді сәл жұмып, „Жаз„ сөзін бөліп-бөліп айтсаң, көз алдыңа жарқыраған күн, ыстық құм, терең көл, жасыл желек және де еркіндік пен бақыт сезімі елестер еді. Өйткені бұл балалар үшін көңілді әрі бейқам шақ – көптен күткен жазғы каникул басталды.

Біздің кітапханамызда жазғы алаң аясында іс-шаралар басталды. Қаланың мектеп оқушылары «Көңілді бүлдіргіштер» шеберлік-сыныбы топтамасына қатысты. Нәтижесінде, біреуінде бильбоке немесе попадайка деп аталатын, екіншісінде оригами техникасымен жасалған сөйлейтін қарға, ал үшіншісінде СD-дисктерден жасалған балықтар пайда болды.

Түзету мектебінің оқушылары „Жаз әуендері„ ойын бағдарламасына қатысты, онда олар сүйікті мульфильмдерінің әуендерін естеріне түсірсе, ал аумақтық орталық тәрбиеленушілері „Күн дегеніміз не?„ іс-шарасына қатысып, өздеріне көңілді күн жасап алды.

https://photos.app.goo.gl/MkoCbgUG531gu8MQ8

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/k-ildi-b-ldirgishter-834025](https://yvision.kz/kk/post/k-ildi-b-ldirgishter-834025)