---
title: "ҰҚК есірткі зертханасын жасағандарды ұстау барысының видеосын көрсетті"
description: "ҰҚК Астана қаласы бойынша департаменті астаналық прокуратураның үйлестіруімен қаланың өнеркәсіп аймағында орналасқан синтетикалық есірткі өндіру бойынша жасырын зерт"
author: "seri.jigit"
published: "2024-03-01T08:50:01+00:00"
modified: "2024-03-01T08:50:01+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-esirtki-zerthanasyn-zhasa-andardy-stau-barysyny-videosyn-k-rsetti-1001772"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-esirtki-zerthanasyn-zhasa-andardy-stau-barysyny-videosyn-k-rsetti-1001772/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ҰҚК есірткі зертханасын жасағандарды ұстау барысының видеосын көрсетті

> ҰҚК Астана қаласы бойынша департаменті астаналық прокуратураның үйлестіруімен қаланың өнеркәсіп аймағында орналасқан синтетикалық есірткі өндіру бойынша жасырын зерт

*ҰҚК Астана қаласы бойынша департаменті астаналық прокуратураның үйлестіруімен қаланың өнеркәсіп аймағында орналасқан синтетикалық есірткі өндіру бойынша жасырын зертхана әрекетінің жолын кесті.*

![ҰҚК есірткі зертханасын жасағандарды ұстау барысының видеосын көрсетті](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/32f164d342e554f44c824eea74f76f.jpg)

Осы қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деген күдікпен астананың 2 тұрғыны ұсталды. Тінту барысында шамамен 80 мың бір реттік дозаға бара-бар 27 кг астам «мефедрон» психотроптық заты, сондай-ақ 1 тоннадан артық прекурсор алынды. Алынған есірткі құны «қара нарықта» 540 млн теңгеге бағаланады. Бұдан басқа, Астана қ. басқа аудандарында зертхана жабдығы бар 40 футтық екі контейнер табылды, тергеу нұсқасы бойынша, олар бірнеше осыған ұқсас өндірісті ұйымдастыру үшін арналған. Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етілмейді. ҰҚК баспасөз қызметі

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/k-esirtki-zerthanasyn-zhasa-andardy-stau-barysyny-videosyn-k-rsetti-1001772](https://yvision.kz/kk/post/k-esirtki-zerthanasyn-zhasa-andardy-stau-barysyny-videosyn-k-rsetti-1001772)