---
title: "\"Jas Otan\" Жастар қанатының Батыс Қазақстан облыстық филиалы"
description: "БІЗДІҢ МИССИЯМЫЗСапалы білім алуға ынталы, өзін-өзі жетілдіруге ұмтылатын, өзінің және елінің болаша..."
author: "jasotan.zko.kz"
published: "2021-06-16T06:20:10+00:00"
modified: "2021-06-16T06:23:41+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/jas-otan-zhastar-anatyny-batys-aza-stan-oblysty-filialy-938992"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/jas-otan-zhastar-anatyny-batys-aza-stan-oblysty-filialy-938992/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# "Jas Otan" Жастар қанатының Батыс Қазақстан облыстық филиалы

> БІЗДІҢ МИССИЯМЫЗСапалы білім алуға ынталы, өзін-өзі жетілдіруге ұмтылатын, өзінің және елінің болаша...

БІЗДІҢ МИССИЯМЫЗ

Сапалы білім алуға ынталы, өзін-өзі жетілдіруге ұмтылатын, өзінің және елінің болашағы үшін жауапкершілікті терең сезіне отырып, біздің құндылықтарымыз бен қағидаттарымызға ортақтасатын әрбір жас қазақстандық патриоттың мүддесін білдіру және қолдау.

БІЗДІҢ ЖОБАЛАР

«Jastar – Otanga!» жастар саяси лагері

!["Jas Otan" Жастар қанатының Батыс Қазақстан облыстық филиалы](https://storage.yvision.kz/images/user/461626/452b2d6d20c4475a500623136e23cc.jpg)

Мақсаты: жастардың саяси резервін қалыптастыру, дарынды, белсенді және креативті жастарды қолдау.

!["Jas Otan" Жастар қанатының Батыс Қазақстан облыстық филиалы](https://storage.yvision.kz/images/user/461626/88b48d78bd09cc7a34a19d3fc3c60f.jpg)

Жыл сайын «Jas Otan» ЖҚ-мен 200-ден астам жас үшін «Jastar – Otanga!» жастар саяси лагері ұйымдастырылады. Лагерьде тәжірибелі және танымал жаттықтырушылар дәрістер, түрлі тренингтер, семинарлар, тренд-сессиялар, сондай-ақ зияткерлік ойындар мен бұқаралық спорттық жарыстар өткізеді.

!["Jas Otan" Жастар қанатының Батыс Қазақстан облыстық филиалы](https://storage.yvision.kz/images/user/461626/1774d422ee26a0c7049b16cbc796eb.jpg)

!["Jas Otan" Жастар қанатының Батыс Қазақстан облыстық филиалы](https://storage.yvision.kz/images/user/461626/ce61c1d740fb66aad47dc1c63bc12a.jpg)

!["Jas Otan" Жастар қанатының Батыс Қазақстан облыстық филиалы](https://storage.yvision.kz/images/user/461626/4b475cc65c8a489b7e168dc29ed5f4.jpg)

"Жас саясаткерлер" мектебі - студент жастардың саяси сауаттылықтарын арттырып, облысымыздың белсенді, дамушы жастарын бір арнаға тоғыстыратын жастар мектебі.

!["Jas Otan" Жастар қанатының Батыс Қазақстан облыстық филиалы](https://storage.yvision.kz/images/user/461626/010210afa51b398873e9ffd0f4f903.jpg)

Бұл мектеп 2008 жылдан бері үздіксіз өз қызметін атқаруда. Еріктілер жыл бойы республикалық, облыстық және қалалық шаралардың ұйымдастырылуына белсене қатысып, белгілі қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдермен кездесіп, ұрпақтар сабақтастығын жалғауға өз үлестерін қосады. Сонымен қатар, жастардың бойындағы отаншылдық, қайырымдылық, ораторлық, көшбасшылық, ұйымдастырушылық және т.б. қабілеттерін дамытуға бағытталған мастер-класстар мен тренингтерге қатысып, өз біліктіліктерін шыңдай алады.

!["Jas Otan" Жастар қанатының Батыс Қазақстан облыстық филиалы](https://storage.yvision.kz/images/user/461626/659d5f5d50f542a62c8b3c5e66d614.jpg)

!["Jas Otan" Жастар қанатының Батыс Қазақстан облыстық филиалы](https://storage.yvision.kz/images/user/461626/4799643aeb87a60ee19c5e76042784.jpg)

!["Jas Otan" Жастар қанатының Батыс Қазақстан облыстық филиалы](https://storage.yvision.kz/images/user/461626/81c2ca73517c3bf5f54ab52c66972f.jpg)

"Жас саясаткерлер" мектебі деген не ❔

🔰 "Жас саясаткерлер" мектебі - студент жастардың саяси сауаттылықтарын арттырып, облысымыздың белсенді, дамушы жастарын бір арнаға тоғыстыратын жастар, еріктілер мектебі.

"Жас саясаткерлер" мектебіне кімдер қабылдана алады ❔

🔰 Жасы 16-ға толған, қоғамға өз үлесін қосықысы келетін және уақытын тиімді өткізгісі келетін 30 жасқа дейінгі жастар қабылдана алады.

Еріктілер мектебі бізге қандай мүмкіндіктер береді ❔

🔰 Облыстық деңгейдегі іс-шараларды үйымдастыру, тәжірибе, достар, даму және саяси сауатты болуға мүмкіндік жасайды.

Қанша уақытқа созылады ❔

🔰 1 жыл.

Бітірген соң сертификат беріледі ме ❔

🔰 Ия, егер жыл бойы белсенді болып, өзіңізді лайықты көрсетсеңіз сертификат беріледі.

"Жас саясаткерлер" мектебі туралы тағыда басқа сұрақтарыңыз болса.

Ақпарат алу

!["Jas Otan" Жастар қанатының Батыс Қазақстан облыстық филиалы](https://storage.yvision.kz/images/user/461626/84414229c0e389b394d58fd5648417.jpg)

«Кеңес орталығы» консалтинг орталығы

!["Jas Otan" Жастар қанатының Батыс Қазақстан облыстық филиалы](https://storage.yvision.kz/images/user/461626/b48d0316fa8748475f1a57f947748d.jpg)

Мақсаты: жастарға арналған қолданыстағы мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіруде консультациялық іс-шараларды кешенді жүзеге асыру.

«Jaidarman» ойындары

!["Jas Otan" Жастар қанатының Батыс Қазақстан облыстық филиалы](https://storage.yvision.kz/images/user/461626/74de3bb15f4c59eb52b1a60d2135a2.jpg)

Мақсаты: жастардың шығармашылық бастамаларын қолдау және жас ұрпақ арасында мемлекеттік тілді насихаттау

!["Jas Otan" Жастар қанатының Батыс Қазақстан облыстық филиалы](https://storage.yvision.kz/images/user/461626/8458b9e29b6180806878e0d8c251fb.jpg)

«Jaidarman» Жоғары лига ойындары

!["Jas Otan" Жастар қанатының Батыс Қазақстан облыстық филиалы](https://storage.yvision.kz/images/user/461626/eb391e97c78a011c29a1d5046e6364.jpg)

2014 жылдан бастап «Jas Otan» ЖҚ «Jaidarman» Жоғары лига ойындарының демеушісі болып келеді.

!["Jas Otan" Жастар қанатының Батыс Қазақстан облыстық филиалы](https://storage.yvision.kz/images/user/461626/9d514a56e8d0261eeaeacee4075f4b.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/jas-otan-zhastar-anatyny-batys-aza-stan-oblysty-filialy-938992](https://yvision.kz/kk/post/jas-otan-zhastar-anatyny-batys-aza-stan-oblysty-filialy-938992)