---
title: "Іздеуде жүрген екі күдікті Түркиядан қайтарылды"
description: "Алматы қаласының прокурорлары іздеуде жүрген екі қылмыскерді Түркиядан қайтарып алды. Алматы прокуратурасы заңнаманы түсіндіру арқылы ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген Қазақстан Республикасының екі азаматын өз еріктерімен қайтарған...."
author: "jan.123"
published: "2024-03-28T09:56:51+00:00"
modified: "2024-03-28T09:56:51+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/izdeude-zh-rgen-eki-k-dikti-t-rkiyadan-aytaryldy-1002757"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/izdeude-zh-rgen-eki-k-dikti-t-rkiyadan-aytaryldy-1002757/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Іздеуде жүрген екі күдікті Түркиядан қайтарылды

> Алматы қаласының прокурорлары іздеуде жүрген екі қылмыскерді Түркиядан қайтарып алды. Алматы прокуратурасы заңнаманы түсіндіру арқылы ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген Қазақстан Республикасының екі азаматын өз еріктерімен қайтарған....

Алматы қаласының прокурорлары іздеуде жүрген екі қылмыскерді Түркиядан қайтарып алды.

![Іздеуде жүрген екі күдікті Түркиядан қайтарылды](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/bd462acb0406ba543b6382710dc901.jpg)

Алматы прокуратурасы заңнаманы түсіндіру арқылы ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген Қазақстан Республикасының екі азаматын өз еріктерімен қайтарған. Қашқындар Түркия Республикасының аумағында 5 жылдан астам тергеу органдарынан жасырынған. 28 наурызда қала әуежайында оларға қатысты процестік ұстау жүргізілді. Екі күдікті уақытша ұстау қапасына қамалды.

https://t.me/GenPr

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/izdeude-zh-rgen-eki-k-dikti-t-rkiyadan-aytaryldy-1002757](https://yvision.kz/kk/post/izdeude-zh-rgen-eki-k-dikti-t-rkiyadan-aytaryldy-1002757)