---
title: "Іздедім-ау мен сені, жан жағымнан..."
description: "Өлең авторы – Айгүл СағымбайқызыӘуен авторы – Tony Valiere “Ces jolis mots d'amour”Бейнематериал авт..."
author: "Aikosmuz"
published: "2019-01-06T09:01:55+00:00"
modified: "2019-01-06T09:01:55+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/izdedim-au-men-seni-zhan-zha-ymnan-823198"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/izdedim-au-men-seni-zhan-zha-ymnan-823198/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Іздедім-ау мен сені, жан жағымнан...

> Өлең авторы – Айгүл СағымбайқызыӘуен авторы – Tony Valiere “Ces jolis mots d'amour”Бейнематериал авт...

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Tony Valiere “Ces jolis mots d'amour”

Бейнематериал авторы – Tatiana Blue

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Бауыржан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте – https://vk.com/public56982889

Инстаграмм – aikosmuz

Өмір, өмір шіркін-ай, сиқырлы әлем,

Нені іздедім, мен сенің, тізбегіңнен?

Ай мен, күннен іздедім, беріп сәлем,

Өлеңімнің іздедім мен, сөздерінен.

Адастың ба бақытым, сен жолыңнан,

Іздеріңді іздедім, сайдан-қырдан?

Сылдырлаған іздедім, мен бұлақтан,

Алтын құмнан іздедім, кең даламнан.

Іздедім-ау мен сені, жан жағымнан,

Айлы түннен іздедім, атқан таңнан.

Тағдырымның іздедім, боранынан,

Көз жасымнан іздедім, сары мұңнан.

Бақытым-ау, қайда сенің тұрағың,

Мазалайтын, осы менің, сұрағым?

Іздеп жүрген бақытым, күндерімнен,

Жүрегімнің табылды-ау, дүрсілінен.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/izdedim-au-men-seni-zhan-zha-ymnan-823198](https://yvision.kz/kk/post/izdedim-au-men-seni-zhan-zha-ymnan-823198)