---
title: "Италияда Қысқы Универсиада ойындары өтеді"
description: "11 желтоқсан күні Италияның Трентино қаласында XXVI бүкіләлемдік Қысқы Универсиада ойындары бастала..."
author: "kazsportagent"
published: "2013-12-09T23:58:55+00:00"
modified: "2013-12-10T00:00:07+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/italiyada-ys-y-universiada-oyyndary-tedi-388871"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/italiyada-ys-y-universiada-oyyndary-tedi-388871/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Италияда Қысқы Универсиада ойындары өтеді

> 11 желтоқсан күні Италияның Трентино қаласында XXVI бүкіләлемдік Қысқы Универсиада ойындары бастала...

[!\[Қысқы Универсиада\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/12/trentino20132.png)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/12/trentino20132.png)

11 желтоқсан күні Италияның Трентино қаласында XXVI бүкіләлемдік Қысқы Универсиада ойындары басталады. Дүбірлі додада ел намысын қорғайтын сайыпқырандар спорттың 8 түрі бойынша сынға түседі.

Студент жастардың арасында өтетін Универсиадада спортшыларымыз мәнерлеп сырғанау, фристайл, сноуборд, шорт-трек, тау шаңғысы, хоккей тағы да басқа спорт түрлерінен бақ сынайды. Алтын алады деп үміт күтетін спортшымыздың бірі – мәнерлеп сырғанаудан Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Денис Тен.

Италия жерінде өтетін Универсиаданы «KAZsport» арнасынан тамашалай аласыздар. Жарыс желтоқсанның 11-і күні басталып, 21 желтоқсанға дейін жалғасады. Естеріңізге сала кетсек, 2017 жылғы ХXVII бүкіләлемдік Қысқы Универсиада ойындары Алматы қаласында өтеді.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/italiyada-ys-y-universiada-oyyndary-tedi-388871](https://yvision.kz/kk/post/italiyada-ys-y-universiada-oyyndary-tedi-388871)