---
title: "Италия Қорғаныс министрінің ресми сапары"
description: "2013 жылғы 19 ақпанда Италия Қорғаныс министрі адмирал Джампаола Ди Паола алғашқы ресми сапармен Қаз..."
author: "minoboronyRK"
published: "2013-02-18T04:54:23+00:00"
modified: "2013-02-18T04:55:50+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/italiya-or-anys-ministrini-resmi-sapary-333608"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/italiya-or-anys-ministrini-resmi-sapary-333608/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Италия Қорғаныс министрінің ресми сапары

> 2013 жылғы 19 ақпанда Италия Қорғаныс министрі адмирал Джампаола Ди Паола алғашқы ресми сапармен Қаз...

**2013 жылғы 19 ақпанда Италия Қорғаныс министрі адмирал Джампаола Ди Паола алғашқы ресми сапармен Қазақстан Республикасына келеді.**

** **

Сапар бағдарламасына сәйкес Қазақстан мен Италия қорғаныс ведомстовлары басшыларының кездесуі жоспарланған. Кездесуде екі жақты әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықты дамытудың басымдықтары талқыланбақ. Келіссөздерде қарастырылатын тақырыптардың бірі Қазақстан мен Италияның қорғаныс саласындағы, оның ішінде қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықты нығайту бар.

** ҚР Қорғаныс министрлігінің**

**Баспасөз қызметі**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/italiya-or-anys-ministrini-resmi-sapary-333608](https://yvision.kz/kk/post/italiya-or-anys-ministrini-resmi-sapary-333608)