---
title: "Испанияда қазақстандықтар алаяқтық жасады деген..."
description: "Испанияның Азаматтық гвардиясы қылмыстық топтың жолын кесті. Оларға криптовалютаға қатысты алаяқтық жасады деген күдік келтіріліп отыр. Сурет: banki.ru Құқық қорғау органдарының мәліметтері бойынша, ұйымдасқан топтың 12 мүшесі ұсталды. Олар..."
author: "orazali"
published: "2024-03-25T05:27:17+00:00"
modified: "2024-03-25T05:27:17+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ispaniyada-aza-standy-tar-alaya-ty-zhasady-degen-k-dikpen-staldy-1002596"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ispaniyada-aza-standy-tar-alaya-ty-zhasady-degen-k-dikpen-staldy-1002596/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Испанияда қазақстандықтар алаяқтық жасады деген...

> Испанияның Азаматтық гвардиясы қылмыстық топтың жолын кесті. Оларға криптовалютаға қатысты алаяқтық жасады деген күдік келтіріліп отыр. Сурет: banki.ru Құқық қорғау органдарының мәліметтері бойынша, ұйымдасқан топтың 12 мүшесі ұсталды. Олар...

*Испанияның Азаматтық гвардиясы қылмыстық топтың жолын кесті. Оларға криптовалютаға қатысты алаяқтық жасады деген күдік келтіріліп отыр.*

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/7f5ae5216b1d589182ae7327836f4a.jpg)

Сурет: banki.ru

Құқық қорғау органдарының мәліметтері бойынша, ұйымдасқан топтың 12 мүшесі ұсталды. Олар Қазақстан, Молдова, Ресей және Украина азаматтары.

Тергеу қызметінің пікірінше, күдіктілер құны €50 асатын криптовалютамен түрлі алаяқтық әрекеттерді жүзеге асырған. Олар Испанияның провинцияларында 20 алаяқтық операцияны іске асырған.

Тергеу Еуропалық полиция агенттігі (Еуропол) мен Интерполдың қолдауымен атқарылды.

kaz.inform.kz

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ispaniyada-aza-standy-tar-alaya-ty-zhasady-degen-k-dikpen-staldy-1002596](https://yvision.kz/kk/post/ispaniyada-aza-standy-tar-alaya-ty-zhasady-degen-k-dikpen-staldy-1002596)