---
title: "Испания Қорғаныс министрінің Қазақстанға сапары басталды"
description: "Кеше кешке, 10 маусым күні Астанаға алғашқы ресми сапарымен Испания Қорғаныс министрі Педро Моренес ..."
author: "minoboronyRK"
published: "2013-06-11T00:30:32+00:00"
modified: "2013-06-11T00:31:34+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ispaniya-or-anys-ministrini-aza-stan-a-sapary-bastaldy-356969"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ispaniya-or-anys-ministrini-aza-stan-a-sapary-bastaldy-356969/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Испания Қорғаныс министрінің Қазақстанға сапары басталды

> Кеше кешке, 10 маусым күні Астанаға алғашқы ресми сапарымен Испания Қорғаныс министрі Педро Моренес ...

**

![Испания Қорғаныс министрінің Қазақстанға сапары басталды](http://www.mod.gov.kz/mod-kz/images/stories/11062013-2/1.jpg)

Кеше кешке, 10 маусым күні Астанаға алғашқы ресми сапарымен Испания Қорғаныс министрі Педро Моренес Эулате келді. Әуежайда Испания Корольдігінің Қорғаныс министрін ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Бағдат Майкеев күтіп алды.**

Бүгін Испания Қорғаныс министрі десанттық-шабуыл бригадасына барды. Шетелдік мейманды ҚР ҚК Құрлық әскерлері Бас штабының бастығы генерал-майор Әділбек Алдабергенов қазіргі заманғы қару-жарақ және әскери техника түрлерімен таныстырды. Испания қорғаныс ведомствосының басшысы қазақстандық әскери қызметшілердің жан-жақты әзірлігі мен кәсіби даярлық деңгейін жоғары бағалады. ҚР

**ҚМ Баспасөз қызметі**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ispaniya-or-anys-ministrini-aza-stan-a-sapary-bastaldy-356969](https://yvision.kz/kk/post/ispaniya-or-anys-ministrini-aza-stan-a-sapary-bastaldy-356969)