---
title: "Исландия-Қазақстан матчын «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді"
description: "Қыркүйектің 6-нан 7-не қараған түні футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы Еуро-2016 іріктеу кезеңі ..."
author: "kazsportagent"
published: "2015-09-07T01:06:28+00:00"
modified: "2015-09-07T01:06:28+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/islandiya-aza-stan-matchyn-aza-stan-ltty-telearnasy-tikeley-efirde-k-rsetedi-537089"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/islandiya-aza-stan-matchyn-aza-stan-ltty-telearnasy-tikeley-efirde-k-rsetedi-537089/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Исландия-Қазақстан матчын «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді

> Қыркүйектің 6-нан 7-не қараған түні футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы Еуро-2016 іріктеу кезеңі ...

[!\[Исландия-Қазақстан матчын «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2015/09/20150907035638-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2015/09/20150907035638.jpg)

Қыркүйектің 6-нан 7-не қараған түні футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы Еуро-2016 іріктеу кезеңі аясында Исландия командасымен кездеседі, деп хабарлады kazsport.kaztrk.kz.

Өткен турда Қазақстан Ұлттық құрамасы Чехиядан 2:1 есебімен ұтылса, Исландия құрамасы Нидерланд командасын 1:0 есебімен ұтқан. 7-турдан соң Ұлттық құрамамыз 1 ұпаймен топ соңында келсе, Исландия 18 ұпаймен көш бастап келеді. Айта кетейік, сырт алаңда өтетін ойынды «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Астана уақытымен сағат 00:30-да (6-нан 7-не қараған түн) тікелей эфирде көрсетеді.

Басты сөздер: [Спорт](http://inform.kz/kaz/searchtag/290)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/islandiya-aza-stan-matchyn-aza-stan-ltty-telearnasy-tikeley-efirde-k-rsetedi-537089](https://yvision.kz/kk/post/islandiya-aza-stan-matchyn-aza-stan-ltty-telearnasy-tikeley-efirde-k-rsetedi-537089)