---
title: "Ислам діні – тірегің"
description: "Алланың ақ жолынан адастырып, Адамзат санасына салған бүлік. Жаһанға Кеңес атты келген заман Діңд..."
author: "Muxit"
published: "2018-05-20T04:56:54+00:00"
modified: "2018-05-20T04:57:51+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/islam-dini-tiregi-804856"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/islam-dini-tiregi-804856/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ислам діні – тірегің

> Алланың ақ жолынан адастырып, Адамзат санасына салған бүлік. Жаһанға Кеңес атты келген заман Діңд...

{"blocks":[{"key":"eov7p","text":"Алланың ақ жолынан адастырып,\n\nАдамзат санасына салған бүлік.\n\nЖаһанға Кеңес атты келген заман\n\nДіңдарлардың ауызына салып құлып\n\nИслам діні діңгегін алмақ жұлып.\n\nБолғанда діндарлар аз қырылды ма ?\n\nКүңіренді ел,\n\nКүйзелді ел, еңіреді,\n\nӘділетсіздік жегі құрттай кеміреді.\n\nАйырылған дін пірадарлар абыздардан\n\nЕңсесі  езілмейтін темір ме еді?\n\nӘйтсе де шыдап берді сабыр сақтап,\n\nАл Кеңес діндарларды жатты даттап.\n\nАбайсыз атын айтқан айыпталып,\n\nО дүние босағасынан жатты аттап.\n\nӘйтсе де дінге сенім берік еді,\n\n«Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деуменен\n\n Жер ана  қойынына еніп еді.\n\nСақтағандар Алланы жүрегінде\n\nДін қайта оралар деп сеніп еді.\n\nАқылға қашандағы сенім серік\n\nЖан екен дейтіндердің діні берік,\n\nСауатсыз болуы да ғажап емес,\n\nӘйтсе де бас тартпады діннен жеріп.\n\nНегізін сол сенімнің қалап Алла,\n\nДамытқан  ұстаз десек дауың бар ма?\n\nСол ұстаз кімдер еді қиын сәтте\n\nДін үшін қарсы шыққан қалың жауға?!\n\nАлашқа Исламды  таныстырған,\n\nҒасырларда бізден шалғай алыс тұрған.\n\nЙассауи, онан бермен Бекет өткен,\n\nӘулие қалың қазақ тәуап қылған.\n\nБұлардың Ислам үшін орны ерек,\n\nИсабек Ишан Ертіс өңірін нұрға бөлеп,\n\nӨңірге ислам дінін таратушы\n\nИшанды қуаттады ел тәңір жебеп.\n\nМәшһүрді қалай айтпай тұра аламыз,\n\nАтанған бала Мәшһүр, асқан зерек.\n\nСол Мәшһүр ортамыздан шыққан жарып,\n\nЖатырмыз әулиені жаңа танып.\n\nЕсімін Ақбалықтың естігенде,\n\nБіраз ел қалғаны анық қанаттанып.\n\nҰмыттық есімдерін ұмыттырған,\n\nКеңес ед Исламды шалған құрбан.\n\nАлланы ұмыттыра алмады ол,\n\nТалайын тайталаста Құдай ұрған.\n\nЕңбегі ұстаздардың тек кетпепті,\n\nДінсіздер жұлынса да  жұлып көкті.\n\nҚалың жұрт қалған тіптен діндарларсыз,\n\nБілдірмей бір әрекет бастап кетті.\n\nЖатарда «Бісміллә» де- шошымайсың,\n\nДалада «бісміллә» деп отырғайсың.\n\nТұрғанда Алла өзің оңғар жолды,\n\nӨткенде бейіт  қасынан  қолың жайып,\n\n«Аллаһуакбар» тие берсін десең болды.\n\nҰрпақтың  құлағына құйып күнде,\n\nҚұдай жоқ деген сөзді ұмыттырды.\n\nҮлкендер қиырдағы ауылдарда\n\nАшатын ауыздарын бір Алла деп,\n\nНамазын оқып бір сәт дамылдарда\n\nАлланың шүкір дер ед бергеніне,\n\n Дін аман  оразаны көргеніне.\n\nДінсіздер бұл амалдан бейхабар ед,\n\n Алла деп тілі шыққан жөргегінде.\n\nСіңірді ата салтты санасына,\n\nАлаштан ата салты қалған мұра.\n\nКішірей кішірейгенге құлың емес,\n\nМенменге күнің үшін құлдық ұрма.\n\nБіреуді біреумен атыстырып,\n\nӨсек айтып ел жұртты шатыстырып,\n\n«Әй, кәпір» атанудан сақтан, балам.\n\nКеудеңді көкке мәңгі көтермегін,\n\nСәт түсіп шыңға шықсаң күнің туып.\n\nЕшқашан кісі ақысын жемегейсің,\n\nЖөн сөзге\n\nМенікі жөн демегейсің.\n\nҰрлық  түбі, қарағым, қорлық деген,\n\nӘлсізді күшің жетсе демегейсің.\n\nСауап бар, обал барын есте ұстағын,\n\nОл сауап қолың созсаң жанға жарым.\n\nОл обал тартып алсаң қолда барын,\n\nОсылай тәлім алған ұландардың\n\nТайғаны дұрыс жолдан жалғыз жарым.\n\nЗорлық пен зомбылыққа жол берілген,\n\nЗаманда кетік тісті кемпірлерді\n\nО, тәуба-ай, шынымды айтсам, сағынамын.\n\nҚатыгез ұрпақтарды жөнге салар\n\nАғайын айтшы болса бір амалын.\n\nҰрпағың ары таза, жаны таза,\n\nЕшқашан ел бүлдіріп баспас жаза.\n\nТүрмеде өмір өтіп тартса жаза,\n\nЖарық күні жаныңның жұбанышы.\n\nНе пайда мына өмірде барлығыңа\n\nҰрпағың  бала жастан арды мұра.\n\nДесеңіз\n\nТізгінін тәрбиенің қолыңда ұста,\n\nКелмекші сонда орнына барлығы да.\n\nАта дін, ата салтын ардақтаған,\n\nӨсірген ата- анасын зарлатпаған.\n\nИслам дінін серік қып өскендердің\n\nАстына тар қапаста нар батпаған.\n\n          Cүлеймен Баязитов\n","type":"unstyled","depth":0,"inlineStyleRanges":[],"entityRanges":[],"data":{}}],"entityMap":{}}

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/islam-dini-tiregi-804856](https://yvision.kz/kk/post/islam-dini-tiregi-804856)