---
title: "«Іскерлік журналистика курсының» алғашқы қадамы"
description: "Кеше ғана тұсауы кесілген «Іскерлік журналистика курсының» алғашқы отырысы ойдағыдай өтті. Интернетт..."
author: "1993arai"
published: "2014-02-07T03:25:53+00:00"
modified: "2014-02-08T11:05:14+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/iskerlik-zhurnalistika-kursyny-al-ash-y-adamy-399467"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/iskerlik-zhurnalistika-kursyny-al-ash-y-adamy-399467/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Іскерлік журналистика курсының» алғашқы қадамы

> Кеше ғана тұсауы кесілген «Іскерлік журналистика курсының» алғашқы отырысы ойдағыдай өтті. Интернетт...

Кеше ғана тұсауы кесілген **«Іскерлік журналистика курсының»** алғашқы отырысы ойдағыдай өтті. Интернеттегі блогтардың мұхиттай әлемін бізге таныстырмаққа келген Бақтжан Бұхарбайұлының лекциясы қызықты болды. **Yvision-**нің өмірге келген сәтінен бастап, аяқ басып, азамат болғандығын, өзінің алғашқы еңбегін екшелеп айтқанда, солай болмаққа ұмтылмаған көңіл қалмаған шығар. Әрқайсымыздың басымызға тың идея салып, болашаққа деген үлкен сенімнің алғашқы кірпішін қалап берді. Сызбасы сызылып, макеті дайындалып жатқан «курс-ғимаратымыздың» бір-бір қабатын құрап, өзіміздің ректоратымыздай (ҚазҰУ) әлеуеті бар болашақ жасамақпыз. Алдағы уақытта біз көретін теңдессіз тәжірибе мен еңбек, кедергілер мен келелі кеңестер «шыны» жүректі шынықтырады деп ойлаймын. Алғашқы бастамаға айтар алғысымыз шексіз, келешекке қарарға сенім мол.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/iskerlik-zhurnalistika-kursyny-al-ash-y-adamy-399467](https://yvision.kz/kk/post/iskerlik-zhurnalistika-kursyny-al-ash-y-adamy-399467)