---
title: "Ішкі істер министрі Президентке құқық бұзушылыққа..."
description: "Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады. Ержан Сәденов: елімізде «Заң және тәртіп» қағидатын орнықтыру, кез келген құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік жағдайын қалыптастыру мақсатында жүргізіліп жатқан..."
author: "seri.jigit"
published: "2024-03-06T08:09:36+00:00"
modified: "2024-03-06T08:09:36+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ishki-ister-ministri-prezidentke-y-b-zushyly-a-t-zbeushilik-turaly-aytty-1001954"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ishki-ister-ministri-prezidentke-y-b-zushyly-a-t-zbeushilik-turaly-aytty-1001954/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ішкі істер министрі Президентке құқық бұзушылыққа...

> Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады. Ержан Сәденов: елімізде «Заң және тәртіп» қағидатын орнықтыру, кез келген құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік жағдайын қалыптастыру мақсатында жүргізіліп жатқан...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады.

![Ішкі істер министрі Президентке құқық бұзушылыққа...](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/638b2bc5c6e54fa770b370f0b53d50.jpg)

Ержан Сәденов:

елімізде «Заң және тәртіп» қағидатын орнықтыру, кез келген құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік жағдайын қалыптастыру мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде есеп берді;

ведомство өз қызметі барысында Мемлекет басшысының Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында берген тапсырмаларына сәйкес құқық бұзушылықтың алдын алу және азаматтардың құқықтық сауатын арттыру мәселелеріне баса мән беріп отырғанын баяндады: – соның нәтижесінде жыл басынан бері қылмыс деңгейі төмендеген; – ұрлық, тонау, қарақшылық, сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық және көшеде жасалған қылмыстар, кәмелетке толмаған және бұрын сотталған азаматтар істеген қылмыстар айтарлықтай азайған;

құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған бірыңғай заң әзірлеу, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөнінде арнайы бөлімше құру үшін қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімет берді;

ұйымдасқан қылмысқа, есірткі қылмысына, экстремизмге қарсы іс-қимыл жұмыстарының нәтижесін таныстырды. Киберқылмысқа қарсы күрес жүргізетін дербес қызмет құрылатынын жеткізді;

орта буынға жататын басшылық құрамды кезектен тыс аттестаттациядан өткізуге дайындық барысы жайында айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді. t.me/aqorda_resmi

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ishki-ister-ministri-prezidentke-y-b-zushyly-a-t-zbeushilik-turaly-aytty-1001954](https://yvision.kz/kk/post/ishki-ister-ministri-prezidentke-y-b-zushyly-a-t-zbeushilik-turaly-aytty-1001954)