---
title: "Иса Ақбербаев екінші минутта қарсыласын нокаутқа жіберді"
description: "Қазақстандық боксшы Иса Ақбербаев кәсіби рингте 14-ші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлады Vesti..."
author: "kazsportagent"
published: "2014-12-12T03:42:20+00:00"
modified: "2014-12-12T03:42:20+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/isa-a-berbaev-ekinshi-minutta-arsylasyn-nokaut-a-zhiberdi-448257"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/isa-a-berbaev-ekinshi-minutta-arsylasyn-nokaut-a-zhiberdi-448257/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Иса Ақбербаев екінші минутта қарсыласын нокаутқа жіберді

> Қазақстандық боксшы Иса Ақбербаев кәсіби рингте 14-ші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлады Vesti...

[!\[Иса Ақбербаев екінші минутта қарсыласын нокаутқа жіберді\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/12/photo_51616-300x208.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/12/photo_51616.jpg)

Қазақстандық боксшы Иса Ақбербаев кәсіби рингте 14-ші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлады Vesti.kz.

Бірінші ауыр салмақта IBO Intercontinental нұсқасы бойынша чемпионның қарсыласы Беларусь елінің өкілі Игорь Караваев болды. Ол жерлесімізге небары 1 минут 23 секунд уақыт қана төтеп беріп, бірінші раундта-ақ нокаутқа түсті.

Осылайша, 31 жастағы қазақстандық боксшы кәсіби рингте 14-ші рет жеңіс тұғырынан көрінді. Оның он кездесуін боксшымыз мерзімінен бұрын аяқтаған. Игорь Караваев үшін бұл 14 кездесудегі сегізінші жеңіліс болды. Ол алты рет жеңіске қол жеткізген.

 

Басты сөздер: [Спорт](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/290)

АСТАНА. ҚазАқпарат

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/isa-a-berbaev-ekinshi-minutta-arsylasyn-nokaut-a-zhiberdi-448257](https://yvision.kz/kk/post/isa-a-berbaev-ekinshi-minutta-arsylasyn-nokaut-a-zhiberdi-448257)