---
title: "Өңірлік коммуникациялар қызметі журналистерді қуантты"
description: "24 маусымда Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі «Ақпараттық саланы дамыту туралы: БАҚ-т..."
author: "Burkhanova"
published: "2023-06-26T11:10:02+00:00"
modified: "2023-06-26T11:11:28+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/irlik-kommunikaciyalar-yzmeti-zhurnalisterdi-uantty-990753"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/irlik-kommunikaciyalar-yzmeti-zhurnalisterdi-uantty-990753/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Өңірлік коммуникациялар қызметі журналистерді қуантты

> 24 маусымда Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі «Ақпараттық саланы дамыту туралы: БАҚ-т...

![](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/6ca75ab6069a4278a3174cd671808e.jpg)

24 маусымда Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі «Ақпараттық саланы дамыту туралы: БАҚ-тың жаңа және дәстүрлі түрлері қалай өзара әрекеттестік орнатады» атты конференция ұйымдастырды. Іс-шараға Алматы мен өңірлерден 40-қа жуық журналистер мен блогерлер қатысқан болатын.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/79498780b08bd55dbeded1f72bc83a.jpg)

Алматы қаласы ӨКҚ басшысы Балсұлу Алекенова:

Қазіргі заманғы трендтерді талқылау, дәстүрлі баспа БАҚ-тан онлайн медиаға көшу мүмкін бе, жоқ па, подкасттар туралы көбірек білу, телеграмм каналды қалай танымал етуге болады, сондай-ақ журналист ретінде жеке брендті қалай пайдалану керек деген сыңайлы сұрақтарды талқылау маңызды.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/bd73dabbe6393c1a46b3d0b4608c18.jpg)

Конференцияға аталған тақырыптарды қызықты деп тапқан журналистер қатысты. Құрметті қонақтардың қатарында қазақстандық журналист, Shishin_like телеграмм каналының негізін қалаушы Дмитрий Шишкин, сондай-ақ BES.media. қоғамдық-саяси іскерлік басылымының журналист-редакторы Руслан Сағиев болды. Олар «өз медиасын қалай құруды, мақсатты аудиторияны тарту және оның сеніміне қалай кіруге болатынын» айтты.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/8ab15768c4cffd8411f2df9c0ffb45.jpg)

Шара барысында журналистер өз пікірлерімен бөлісті, сарапшыларға сұрақтар қойды. Қатысушылар ұйымдастыруды жоғары бағалап, мұндай кездесулер қажет және пайдалы екенін атап өтті.

#БалсұлуАлекенова

#Өңірліккоммуникацияларқызметі

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/irlik-kommunikaciyalar-yzmeti-zhurnalisterdi-uantty-990753](https://yvision.kz/kk/post/irlik-kommunikaciyalar-yzmeti-zhurnalisterdi-uantty-990753)