---
title: "Өңірлерде «Туған жер» бағдарламасы аясында шаралар өткізілуде"
description: "Маңғыстау облысы «Туған жер» бағдарламасы аясында ондаған жобаларды жүзеге асыруда. Маңғыстау облысы..."
author: "Anuarbek_Ainash"
published: "2017-07-22T12:35:12+00:00"
modified: "2017-07-22T12:37:33+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/irlerde-tu-an-zher-ba-darlamasy-ayasynda-sharalar-tkizilude-773677"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/irlerde-tu-an-zher-ba-darlamasy-ayasynda-sharalar-tkizilude-773677/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Өңірлерде «Туған жер» бағдарламасы аясында шаралар өткізілуде

> Маңғыстау облысы «Туған жер» бағдарламасы аясында ондаған жобаларды жүзеге асыруда. Маңғыстау облысы...

**Маңғыстау облысы «Туған жер» бағдарламасы аясында ондаған жобаларды жүзеге асыруда.** Маңғыстау облысында кәсіпкерлер «Туған жер» бағдарламасына белсенді қатысуда. «Туған жер» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылған жобалар жағынан Маңғыстау ауданы алға шықты. Онда кәсіпкерлердің қаражатына көптеген нысандар бой көтеруде – спорттық кешендер, медициналық орталықтар және ауылдарды көгалдандыру жұмыстары да жүргізілуде.

![Өңірлерде «Туған жер» бағдарламасы аясында шаралар өткізілуде](https://storage.yvision.kz/images/user/anuarbek_ainash/q5u22Ct65qsKBPot00UM3i3WpWpe21.jpg)

Бірнеше айдан кейін Маңғыстау ауданының Шетпе ауылында салынып жатқан спорт кешенін пайдалануға береді деп күтілуде. Үлкендер мен кішкентайлар волейбол, баскетбол ойнауға, жүзүге, қазақша күреспен айналысуға мүмкіндік алады. Бұл сыйлықты өзінің кішкентай отанына кәсіпкер Сұңғат Мұнапбаев жасады. Және бұл кәсіпкерлердің өз туған жерлеріне қолдау көрсеткен жалғыз жағдай емес. Маңғыстау ауданында әлі де алты спорт кешенін салу жоспарда бар. Олардың барлығы жергілікті кәсіпкерлердің есебінен бой көтермек. Маңғыстау ауданының әкімі Жармағанбет Айтуаровтың айтуынша, бірнеше кәсіпкер Маңғыстау аудынының тағы үш ауылында жеке меншік бала-бақша, спорт кешендерін және медициналық орталықтар салуда. Бұл адамдар осы жерде туылып, туған ауылының тұрғындарына сыйлық жасағысы келетін кәсіпкерлер. Сонымен қатар, өңірде алғашқы ипподром салынбақшы, оның құрылысына Шетпе ауылы кәсіпкерлері ақша бөлген. Ауылда бизнесмен есебінен, медициналық орталық салынды. Шетпе ауылының тұрғыны, Мереке Елбаеваның айтуынша бұрын тіс емдеу үшін,әрі жақсы, сапалы емдеу үшін, Ақтауға бару қажет болатын. Енді сапалы емді ауылда алуға болады. «Әрине, біз ауылымыздың өркендеп өсуіне үлкен көмек жасап жатқан барлық кәсіпкерлерге шексіз алғыс білдіреміз. Және біз үшін сапалы ем алу мүмкіндігі өте маңызды» -деп Мереке Елбаева пікір білдірді. Жоғары мектептің түлектерінің бірі мектеп жанына аллея төсеген, басқа бірі - аулада орындықтар және жарықтандыру орнатқан. Ауылда тұрғындардың ат салысуымен жүздеген ағаштар отырғызылды. Н. Жұбаев атындағы орта мектебінің директорының орынбасары Ляззат Алдабергенова – оқушылар бұрынғы түлектердің істеп жатқан жұмыстарын көріп, олардың ізін басып, істерін жалғастырғысы келеді. Балаға жүз рет айтқаннан бір рет көрсеткен пайдалырақ деген осы болар. Менің ойымша, бұл жақсы дәстүрге айналады және туған жер үшін патриотизм мен махаббат ретінде қызмет етеді деп ойлаймын. Жергілікті Әкімшілік қазір ауылды жақсарту үшін бірнеше жобаларды қарастыруда. Оларды жүзеге асыру үшін еріктілер де дайын.

**«Туған жер» бағдарламасы аясында Ақмола облысында жаңа мектеп құрылысы басталды.** Оқу жылы қорытындысы бойынша, 76 оқушы мектеп бітіріп, оның төртеуі алтын белгі үміткері болған. Облыс әкімі мектеп түлектеріне ақ тілектерін білдіріп, олардың әрқайсысы еліміздің жарқын болашағы үшін адал еңбек ететініне сенімді екенін білдірді.

![Өңірлерде «Туған жер» бағдарламасы аясында шаралар өткізілуде](https://storage.yvision.kz/images/user/anuarbek_ainash/Rn9wnpNVRymWcfI155Zg0Q21vjXs8M.jpg)

Облыс әкімі жаңа мектептің алғашқы кірпішін қалау салатанатты жиынына қатысты. Жаңа мектеп Қосшы ауылында бой көтеретін болады, құрылысқа қаражатты жеке кәсіп иелері бөлді. Игі бастаманың маңыздылығы мен мағыналылығын ерекше атап өткен аудан әкімі, - бұл жүргізіліп жатқан іс-шара ел президентінің «Туған жер» бағдарламасын сөз жүзінде емес, іс жүзінде жүзеге асыру деді. «Казына - SR» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры С. Матайбаева - «бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін түсініп, туған өлкемізді дамытуға үлес қосайық деген шешімге келдік», - деді. Жаңа мектеп 200 оқушыға арналған. Мектеп 2018 жылы мамыр айында қолданысқа беріледі деп жоспарлануда, мектепте ағылшын тілін тереңдете оқытуға 12 сынып дайындалған және сонымен қатар, әртүрлі кружоктар мен секциялар ашылады.

Айта кетейін, нысан құрылысы 350 млн теңге болады.

**«Туған жер» бағдарламасы аясында колледж студенттері арасында спартакиада өтті.** Спорттың бес түрінен өткен сайыста Төлеби ауданында орналасқан №9 колледж командасы жеңіске жетті. Бұл топ спартакиадада спорттың барлық түрінен жеңіске жетті. Екінші орынды Түркістан Медициналық колледжінің студенттері иеленді. Ал, жүлделі үштікті Бәйдібек ауданының №19 кәсіптік колледж тәлімгерлері түйіндеді.

![Өңірлерде «Туған жер» бағдарламасы аясында шаралар өткізілуде](https://storage.yvision.kz/images/user/anuarbek_ainash/gpf7N59axlitymYTn6vhzg771HX6Sj.jpg)

Екі айға созылған спартакиаданың іріктеу турына 42 колледж қатысқан, іріктеу нәтижесінде олардың 18-і келесі айналымға өткен. Сайыстың жеңімпаздары сәйкесінше сол командалар арасында анықталды. Сайыс жеңімпаздары облыстық білім басқармасы тарапынан алғыс хаттармен, медальдармен марапатталды. Ұйымдастырушалардың айтуынша, колледждер арасында басқа да сайыстар өткізіліп тұрады.

Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ержан Бұрхановтың айтуынша, келесі жылдан бастап бұл шара дәстүрге айналады. Бұл «Туған жер» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған. Енді колледж болсын, мектеп болсын, дәстүрлі жарыстар ұйымдастырылып тұрады. Бұл Елбасымыздың саясатын насихаттау мақсатында ұйымдастырылып жатыр, - деді ол.

**Петропавл қаласында «Туған жер» аясында ерекше акция өтті.** Бұл шара Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында ұйымдастырылды. Бұл шараға "Свободный мотосоюз" клубының байкерлері қатысты. Кітапханаға негізгі кіре берісте байкерлер жиналған. Бірақ олардың мақсаты бәсекеге түсу, кімнің темір аты мықты екенін анықтау болған жоқ. Олар кітапханашылар ұйымдастырған ерекше шараға қатысты.

![Өңірлерде «Туған жер» бағдарламасы аясында шаралар өткізілуде](https://storage.yvision.kz/images/user/anuarbek_ainash/3kmna5vwHUzDN7YSHHE74BjWxjPX24.jpg)

Ғабит Мүсірепов атындағы кітапхананың басқарушы-методистінің айтуынша, кітапхана мотоклубпен бірге арайы шара ұйымдастырған, бұл шараның мақсаты өңірді таныту, жергілікті жазушыларды таныту, туған тілді дамыту, шығармашылықпен бөлісу. Соңғы дайындық, туды орнату, қауіпсіздікті тексеру және ақ жол!!! Мотожарыста 10 байкер және осынша кітапхана қызметкері қатысады, осылайша олар кітапқа деген сүйіспеншілігін білдірді. Жаяу өткіншілерді сигнал беру арқылы қаратады.

Маршрутты әдейі адамдар және машианлар көп жүретін жерден таңдаған, Петропавлдың орталық көшелерімен жүреді. Мәре сызығы мәдени демалыс паркі. "Свободный мотосоюз" клубының мүшесі, 12 жылғы мотоцикл жүргізуден тәжірибесі бар Николай Ковалевтің айтуынша, оның қызы да қазір кітап алып, оқуға талпыныс жасауда. Сонымен қатар, оның ойынша қағаз кітаптың орны ерекше.

Кітапхана қызметкерлері мен байкерлердің ортақ жобасы келесі түрде жалғасын тапты, олар кітаптардың басты кейіпкерлерін сомдап, арнайы кастюмдар киіп қала тұрғындары арасында викторина өткізді. Бұл шара, әрине, кітап оқуды қала тұрғындары арасында дәріптеу мақсатымен өткізілді. Петропавл қаласында шара алғашқы рет өткізілуіне қарамастан, ұйымдастырушылар жыл сайын өткізуді жоспарлада.

**Қарағанды қаласында да «Туған жер» бағдарламасы аясында бірқатар іс-шаралар жүзеге асуда.** Биылға жазды Майқұдық шағын ауданының балалары жаңа ойын алаңында өткізуде.

![Өңірлерде «Туған жер» бағдарламасы аясында шаралар өткізілуде](https://storage.yvision.kz/images/user/anuarbek_ainash/SbXK0x1e9fztXr7ky151OG1km0ACU4.jpg)

«Туған жер» бағдарламасы аясында қала кәсіпкерлері жер жерлерден алты бірдей балаларға ойын алаңын ашқан. Және олардың барлығы бірдей қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, қаланфң ересектеріне кәсіпкерлер спорт кешендерін ашуды жоспарлауда. Ауыл мен қала тұрғындарының жағдайын жақсарту мақсатында кәсіпкерлер барынша еңбек етуде. Туған жерге деген ыстық ықыластарын олар өңірді көркейту арқылы танытуда. Өңірде «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру қарқыны түрде жүргізілуде.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/irlerde-tu-an-zher-ba-darlamasy-ayasynda-sharalar-tkizilude-773677](https://yvision.kz/kk/post/irlerde-tu-an-zher-ba-darlamasy-ayasynda-sharalar-tkizilude-773677)