---
title: "Ірі жабдық өндірушісі Ұлт жоспарымен бірге"
description: "«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын насихаттау мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқ..."
author: "AlmatyAnticorruption"
published: "2015-12-10T23:22:26+00:00"
modified: "2015-12-10T23:22:26+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/iri-zhabdy-ndirushisi-lt-zhosparymen-birge-667179"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/iri-zhabdy-ndirushisi-lt-zhosparymen-birge-667179/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ірі жабдық өндірушісі Ұлт жоспарымен бірге

> «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын насихаттау мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқ...

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын насихаттау мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті «КЕЛЕТ» АҚ ұжымымен кездесті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы Мақсатхан Анапин жоспардың бірінші 15 қадамын түсіндірді. Және ол «100 нақты қадам» Ұлт жоспары мемлекеттің жаңа саяси курсын мұқият қарап, сол бағдарламада өзі орнын табуға қатысушыларға ұсынды.

«КЕЛЕТ» АҚ Президенті Алматы қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі Александр Папп, 100 нақты қадам – Қазақстанның ғаламдық және ішкі өзгерістерге жауабымен отыз дамыған мемлекетердің қатарына қосылу жоспары болып табылатынын айтып өтті.

![Ірі жабдық өндірушісі Ұлт жоспарымен бірге](https://storage.yvision.kz/images/user/almatyanticorruption/8HvFuVINGcHff3z8UdrbSpnPKW66iC.jpg)

Сондай-ақ, іс-шарада «Нұр Отан» аудандық филиалының өкілі Кайрат Серимбетов қатысты.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/iri-zhabdy-ndirushisi-lt-zhosparymen-birge-667179](https://yvision.kz/kk/post/iri-zhabdy-ndirushisi-lt-zhosparymen-birge-667179)