---
title: "Иранда әуе апатынан қаза тапқандармен қоштасу рәсіміне..."
description: "Тебризде 19 мамырда тікұшақ апатынан қаза тапқан Иран президенті Ибрахим Раисимен, сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдоллахиянмен және басқа да адамдармен қоштасу рәсімі өтті. Бұл рәсімге ондаған мың адам жиналды. Қазір Иранда бес күндік аза тұту..."
author: "seri.jigit"
published: "2024-05-21T13:32:02+00:00"
modified: "2024-05-21T13:32:02+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/iranda-ue-apatynan-aza-tap-andarmen-oshtasu-r-simine-onda-an-my-adam-keldi-1004852"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/iranda-ue-apatynan-aza-tap-andarmen-oshtasu-r-simine-onda-an-my-adam-keldi-1004852/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Иранда әуе апатынан қаза тапқандармен қоштасу рәсіміне...

> Тебризде 19 мамырда тікұшақ апатынан қаза тапқан Иран президенті Ибрахим Раисимен, сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдоллахиянмен және басқа да адамдармен қоштасу рәсімі өтті. Бұл рәсімге ондаған мың адам жиналды. Қазір Иранда бес күндік аза тұту...

*Тебризде 19 мамырда тікұшақ апатынан қаза тапқан Иран президенті Ибрахим Раисимен, сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдоллахиянмен және басқа да адамдармен қоштасу рәсімі өтті.*

Бұл рәсімге ондаған мың адам жиналды. Қазір Иранда бес күндік аза тұту болып жатыр. Елдің көптеген қалаларында адамдар қаралы киіммен көшеге шығуда.

Енді марқұмдардың денелері мұсылмандар үшін қасиетті Кум қаласына жеткізіледі. Ертең Теһранда аза тұту рәсімі өтеді.

Иран президенті бейсенбі күні туған қаласы Мешхедте жерленеді.

Жексенбі күні президент пен басқа да жоғары лауазымды тұлғалар мінген тікұшақтың алдымен [Әзербайжанмен шекараға жақын маңда өте жайсыз қонғаны](https://yvision.kz/kk/post/iran-prezidenti-mingen-tik-sha-iyn-zha-day-a-shyrady-1004774) туралы хабарланды. Кейіннен [әуе көлігінің құлап, ондағы адамдардың бәрі қаза тапқаны](https://yvision.kz/kk/post/keshe-bol-an-tik-sha-apatynan-iran-prezidenti-men-syrt-y-ister-ministri-aza-tap-an-1004778) айтылды.

Енді [Иранда кезектен тыс президент сайлауы өткізілмек](https://yvision.kz/kk/post/iranda-kezekten-tys-prezident-saylauy-kelesi-ayda-tedi-1004824).

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/iranda-ue-apatynan-aza-tap-andarmen-oshtasu-r-simine-onda-an-my-adam-keldi-1004852](https://yvision.kz/kk/post/iranda-ue-apatynan-aza-tap-andarmen-oshtasu-r-simine-onda-an-my-adam-keldi-1004852)