---
title: "Иранда президентті жерлеу рәсімі өтіп жатыр (видео)"
description: "Бүгін Иран президенті Ибрагим Раисидің денесін жерлеу үшін туған қаласы Мешхедке жеткізді. Иранда Раисимен қатар онымен бірге тікұшақ апатынан қаза тапқан сыртқы істер министрі мен басқа да адамдар жер қойнына тапсырылып жатыр. Ибрагим Раисидің..."
author: "seri.jigit"
published: "2024-05-23T11:59:48+00:00"
modified: "2024-05-23T11:59:48+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/iranda-prezidentti-zherleu-r-simi-tip-zhatyr-video-1004925"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/iranda-prezidentti-zherleu-r-simi-tip-zhatyr-video-1004925/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Иранда президентті жерлеу рәсімі өтіп жатыр (видео)

> Бүгін Иран президенті Ибрагим Раисидің денесін жерлеу үшін туған қаласы Мешхедке жеткізді. Иранда Раисимен қатар онымен бірге тікұшақ апатынан қаза тапқан сыртқы істер министрі мен басқа да адамдар жер қойнына тапсырылып жатыр. Ибрагим Раисидің...

*Бүгін Иран президенті Ибрагим Раисидің денесін жерлеу үшін туған қаласы Мешхедке жеткізді.*

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/107ca29aad85e06d5c0e1218bed1e9.jpg)

Иранда Раисимен қатар онымен бірге тікұшақ апатынан қаза тапқан сыртқы істер министрі мен басқа да адамдар жер қойнына тапсырылып жатыр.

Ибрагим Раисидің денесі Мешхедтегі Реза имам кесенесіне апарылды. Ол жерде президентпен Иранның жоғарғы көсемі аятолла Хаменей қоштасады.

[Бұған дейін қаралы шаралар Тебриз](https://yvision.kz/kk/post/iranda-ue-apatynan-aza-tap-andarmen-oshtasu-r-simine-onda-an-my-adam-keldi-1004852), Кум және Теһранда өтті. Қоштасу рәсіміне 70-ке жуық елдің өкілдері барғаны айтылуда.

Иран президентін жерлеу рәсіміне [Қазақстаннан Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов баратынын](https://yvision.kz/kk/post/iran-prezidentin-zherleu-r-simine-aza-stannan-m-zhilis-t-ra-asy-baratyn-boldy-1004863) кеше хабарлағанбыз.

Естеріңізге салсақ, [Раиси мен оның серіктері 19 мамырда әуе апатынан қаза тапқан](https://yvision.kz/kk/post/keshe-bol-an-tik-sha-apatynan-iran-prezidenti-men-syrt-y-ister-ministri-aza-tap-an-1004778) еді.

Иранда [кезектен тыс президент сайлауы келесі айда өтеді](https://yvision.kz/kk/post/iranda-kezekten-tys-prezident-saylauy-kelesi-ayda-tedi-1004824).

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/iranda-prezidentti-zherleu-r-simi-tip-zhatyr-video-1004925](https://yvision.kz/kk/post/iranda-prezidentti-zherleu-r-simi-tip-zhatyr-video-1004925)