---
title: "Иранда кезектен тыс президент сайлауы келесі айда өтеді"
description: "Үміткерлерді тіркеу 28 мамырда басталады. Бұл туралы Иран сайлау штабының баспасөз хатшысы Мохсен Эслами мәлімдеді. Фото: © AP Сөйтіп, бұл елде кезектен тыс президент сайлауы тіркеу басталғаннан кейінгі тура бір айдан соң, яғни 28 маусымда өтеді...."
author: "orazali"
published: "2024-05-21T03:47:32+00:00"
modified: "2024-05-21T03:47:32+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/iranda-kezekten-tys-prezident-saylauy-kelesi-ayda-tedi-1004824"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/iranda-kezekten-tys-prezident-saylauy-kelesi-ayda-tedi-1004824/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Иранда кезектен тыс президент сайлауы келесі айда өтеді

> Үміткерлерді тіркеу 28 мамырда басталады. Бұл туралы Иран сайлау штабының баспасөз хатшысы Мохсен Эслами мәлімдеді. Фото: © AP Сөйтіп, бұл елде кезектен тыс президент сайлауы тіркеу басталғаннан кейінгі тура бір айдан соң, яғни 28 маусымда өтеді....

*Үміткерлерді тіркеу 28 мамырда басталады. Бұл туралы Иран сайлау штабының баспасөз хатшысы Мохсен Эслами мәлімдеді.*

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/ca2b69518f64a4a3dd9f3b78a549ce.jpg)

Фото: © AP

Сөйтіп, бұл елде кезектен тыс президент сайлауы тіркеу басталғаннан кейінгі тура бір айдан соң, яғни 28 маусымда өтеді. Бұл Иран тарихындағы 14-ші президент сайлауы болмақ.

Елде кезектен тыс президент сайлауы осы уақытқа дейінгі мемлекет басшысы Ибрахим Раисидің дүниеден өтуіне байланысты өткізілгелі жатқаны мәлім. Ол 19 мамырда Иранның Шығыс Әзербайжан провинциясында болған тікұшақ апатынан қаза тапты. Әуе кемесінде президентпен бірге сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдоллахиян, Шығыс Әзербайжан провинциясының губернаторы Малек Рахмати, Тебриз қаласының жұмалық имамы Мохаммад Али Але Хашем және президент күзетінің бастығы болған. Тіқұшақтағы жолаушылар мен экипаж түгел көз жұмды.

Апаттың себептерін анықтау үшін комиссия құралды. Иран президентінің міндетін вице-президент Мохаммад Мохбер атқаруда.

Бүгін Раисимен қоштасу рәсімі өтеді. Ол бейсенбі күні Мешхед қаласында жер қойнына тапсырылмақ.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/iranda-kezekten-tys-prezident-saylauy-kelesi-ayda-tedi-1004824](https://yvision.kz/kk/post/iranda-kezekten-tys-prezident-saylauy-kelesi-ayda-tedi-1004824)