---
title: "Иран президенті мінген тікұшақ қиын жағдайға ұшырады"
description: "Иран президенті Ибрахим Раиси мінген Ми-171 тікұшағы жерге өте жайсыз қонған. Бұл туралы IRIB мемлекеттік телеарнасы хабарлады. Қазір құтқару тобы оқиға орнына жетуге тырысып жатыр екен. Колоннада ұш тікұшақ болған. Министрлер мен басқа да..."
author: "jan.123"
published: "2024-05-19T13:52:40+00:00"
modified: "2024-05-19T14:01:44+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/iran-prezidenti-mingen-tik-sha-iyn-zha-day-a-shyrady-1004774"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/iran-prezidenti-mingen-tik-sha-iyn-zha-day-a-shyrady-1004774/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Иран президенті мінген тікұшақ қиын жағдайға ұшырады

> Иран президенті Ибрахим Раиси мінген Ми-171 тікұшағы жерге өте жайсыз қонған. Бұл туралы IRIB мемлекеттік телеарнасы хабарлады. Қазір құтқару тобы оқиға орнына жетуге тырысып жатыр екен. Колоннада ұш тікұшақ болған. Министрлер мен басқа да...

*Иран президенті Ибрахим Раиси мінген Ми-171 тікұшағы жерге өте жайсыз қонған. Бұл туралы IRIB мемлекеттік телеарнасы хабарлады. *

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/2a79ef958ab94572987ed364c88849.png)

Колоннада ұш тікұшақ болған. Министрлер мен басқа да шенеуніктер мінген екі әуе көлігі межелі жерге аман-есен жетіпті. Ал Иран президенті Ибрахим Раиси мен сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдулахиян отырған тікұшақ Әзербайжанда жерге өте жайсыз қонып қалған.

Осы оқиға болғанға дейін Раиси екі елдің шекарасында Әзербайжан президенті Илхам Әлиевпен кездескен. Онда жаңа "Худаферин" және "Гыз-Галасы" су тораптарының ашылу салтанаты өтті.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/iran-prezidenti-mingen-tik-sha-iyn-zha-day-a-shyrady-1004774](https://yvision.kz/kk/post/iran-prezidenti-mingen-tik-sha-iyn-zha-day-a-shyrady-1004774)