---
title: "Иран Израильге шабуыл жасады"
description: "Иран кеше кешке Израильге шабуыл жасады. Израильдің ЦАХАЛ қорғаныс әскері халыққа сақ болуды ескертіп отыр. Фото: Reuters Ақпарат құралдарының хабарлауынша, Иран әскерилері түнге қарай Израиль аумағына ұшқышсыз ұшу аппараттарын бағыттап..."
author: "orazali"
published: "2024-04-14T02:46:51+00:00"
modified: "2024-04-14T02:46:51+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/iran-izrailge-shabuyl-zhasady-1003365"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/iran-izrailge-shabuyl-zhasady-1003365/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Иран Израильге шабуыл жасады

> Иран кеше кешке Израильге шабуыл жасады. Израильдің ЦАХАЛ қорғаныс әскері халыққа сақ болуды ескертіп отыр. Фото: Reuters Ақпарат құралдарының хабарлауынша, Иран әскерилері түнге қарай Израиль аумағына ұшқышсыз ұшу аппараттарын бағыттап...

*Иран кеше кешке Израильге шабуыл жасады. Израильдің ЦАХАЛ қорғаныс әскері халыққа сақ болуды ескертіп отыр.*

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/ea79caa0539746080a6bb63a6cb61e.jpg)

Фото: Reuters

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, Иран әскерилері түнге қарай Израиль аумағына ұшқышсыз ұшу аппараттарын бағыттап жіберген.

ЦАХАЛ өкілдері 100-ден аса дронды байқағанын мәлімдеді. Олар бұл аппараттарды қағып түсіретінін хабарлады. Сондай-ақ, Израиль барлау қызметі ондаған ұшқышсыз аппарат пен қанатты зымырандарды байқапты.

Соңғы мәлімет бойынша, бір адам жараланып, әскери базаға аздаған зақым келген.

Бұл шабуылға Израильдің 1 сәуірде Иранның Сириядағы елшілігіне әуеден соққы беруі себеп болып отыр. Әуе соққысынан Шамдағы (Дамаск) консулдық ғимараты қирап қалды. Осының салдарынан, кем дегенде, жеті адам қаза тапқан. Олардың арасында Ислам революциясы сақшылары элиталық корпусының жоғарғы командирі Мохаммед Реза Захеди мен аға қолбасшы Мохаммад Хади Хажи Рахими бар.

Ресми Теһран осы жағдай үшін кек алып отыр. Халықаралық ақпарат құралдары бұның Таяу Шығыста қаншама жылдан бері созылып келе жатқан қақтығысты одан сайын шиеленістіруі мүмкін екенін жазуда.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/iran-izrailge-shabuyl-zhasady-1003365](https://yvision.kz/kk/post/iran-izrailge-shabuyl-zhasady-1003365)