---
title: "Инвестициялық идея: Қазақстан банктеріндегі депозиттік салым."
description: "Жоғарғы пайыздық Қазақстан банкіндегі депозитке салым - 2021 жылы жақсы инвестициялық идея болып таб..."
author: "AnalyticsKZ"
published: "2020-12-03T07:53:32+00:00"
modified: "2020-12-03T08:35:05+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/investiciyaly-ideya-aza-stan-bankterindegi-depozittik-salym-883844"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/investiciyaly-ideya-aza-stan-bankterindegi-depozittik-salym-883844/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Инвестициялық идея: Қазақстан банктеріндегі депозиттік салым.

> Жоғарғы пайыздық Қазақстан банкіндегі депозитке салым - 2021 жылы жақсы инвестициялық идея болып таб...

Жоғарғы пайыздық Қазақстан банкіндегі депозитке салым - 2021 жылы жақсы инвестициялық идея болып табылады. Оның себебі:

Әлемдегі короновирус пандемиясына қарсы вакцинаның шығарылуы және әлемдік экономиканың тұрақтала бастауы.

Мұнай бағасының 2020 жылдың аяғына тұрақтала бастауы.

2021 жылы әлемдік инвестициялардың дамушы нарыққа қайта келу мүмкіндігі.

Қазақстанның жеткілікті халықаралық резервтері. Пандемияға және мұнай бағасының құлдырауына қарамастан 2019 жылдың қыркуйгінен 2020 жылдың қыркуйегіне дейін ұлттық банк қоры мен ұлттық қор 87,6 млрд доллардан 90,6 млрд қа дейн жетіп, өсу үстінде (қордың өсуінің басты себебі алтын бағасының қымбаттауы).

Жоғары есептік пайыз ставкасы. Қазақстан ұлттық банкі инфляцияның алдын алу үшін есептік пайыздық ставканы 9,5 пайызбен ұстап отыр, Ресеймен салыстырғанда бұл 2 есе жоғары.

Экономика тұрақталғаннан кейін ұлттық банк экономиканы жандандыру үшін есептік пайызды төмендетуі мүмкін, бұл банктік депозиттердің пайыздық сыйақысын төмендетеді. Сондықтан қазір пайызы жоғары депозит ашып қойғанымыз дұрыс болып табылады.

Ұлттық валютаның күшею мүмкіндігі. Жалпы халықаралық сарапшылар Ресей рублі мен Қазақстан теңгесі таяу уақытта күшейеді деп болжайды.

Қазақстан банктерінің депозит ставкасын жоғары ұстауы және мемлекеттік гарантия. Депозиттің сақтандырылуы.

Жоғарыдағы келтірілген дәйектерді сараптай отырып, 2021 жылы банктік депозит жақсы шешім болып табылады деп ойлаймын. Бұл инвестициялық идея кем дегенде 12 айға есептелген. Оның себебі Қазақстанда 12 және 24 айға арналған депозиттер 12 ден 14 пайызға дейін пайда береді. 12 пайыздық депозит қазіргі уақытта жақсы көрсеткіш, әлемде барлық дамыған мемлекеттерде бұл көрсеткіш өте төмен, европа елдерінде нөлдің жобасында. Егер ұлттық валютамыз 2-4 пайызға өссе бізідің инвестициямыз жылдық көрсеткіші 16 пайызға дейін жетуі мүмкін. Жалпы инвестициялық портфельдің 10-15 пайызын теңгелік депозитте ұстау жақсы шешім. Сапалы инвестициялық шешім бірінше орында диверсификацияны қажет етеді, сондықтан біздің әрбір инвестициялық идеяларымызға салатын қаржымыз портфельдің 10-15 пайызынан аспағаны дұрыс.

P.s. Дегенмен бұл инвестициялық идея Қазақстан экономикасы қарқынды дамиды және теңге тек күшейе түседі дегенді білдірмейді. Қазақстан экономикасы өкінішке орай, шикізатқа тәуелді, аз диверсификацияланған, сыртқы ақуалдан тәуелді болып отыр. Сондыктан біздің идеямыз қысқа мерзімді болып табылады. Жалпы ұзақ мерзімде теңге долларға қатынасы бойынша әлсіз болып қала бермек.

Қаржылық сауатты арттырам, инвестиция әлемімен танысам десеңіз www.investor.org.kz сайтына шақырамыз.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/investiciyaly-ideya-aza-stan-bankterindegi-depozittik-salym-883844](https://yvision.kz/kk/post/investiciyaly-ideya-aza-stan-bankterindegi-depozittik-salym-883844)