---
title: "Интернеттегі алаяқтық"
description: "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің мекенжайына электрондық сауда кезіндегі алаяқтыққа қаты..."
author: "KZPP"
published: "2016-11-10T05:53:17+00:00"
modified: "2016-11-10T05:53:17+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/internettegi-alaya-ty-725446"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/internettegi-alaya-ty-725446/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Интернеттегі алаяқтық

> Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің мекенжайына электрондық сауда кезіндегі алаяқтыққа қаты...

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің мекенжайына электрондық сауда кезіндегі алаяқтыққа қатысты көптеген шағымдар келіп түсетіндігін және интернет желісінде «СИНЕК» (СИНЭК О.Е.) ЖК, «Билалов Рустем Викторович» ЖК, «Грин-Стайл» ЖШҚ, «Ренова» ЖШҚ, «KZshoping» ЖШС, «OneShop» ЖШС сияқты жосықсыз сатушыларға қатысты көптеген теріс пікірлер бар екендігін тұтынушылардың назарына жеткіземіз.

Электронды қызметпен қолданатын тұтынушылардың шағымдарына сәйкес аталған субъектілер қолдануға жарамсыз, мәлімделген талаптарға, сондай-ақ моделі, өндірушісі сәйкес келмейтін сапасыз және жалған тауарларды өткізеді. Барлық жағдайларда тұтынушымен кері байланыс жоқ және жеткізу «Қазпочта» ұлттық почта қызметі арқылы жүзеге асырылады.

Бұдан басқа, жосықсыз интернет сатушылар тұтынушылардың тарапынан назар аударту және сенімін тудыру мақсатында «Қазпочта» тауар белгісін белсенді пайдаланады. Тұтынушылар сайтта сатушы деректерінің дұрыс көрсетілмегеніне немесе олардың мүлдем көрсетілмегеніне қарамастан, орналастырылған почталық байланыстың ұлттық операторының тауар белгісіне сенеді.

Комитет интернет желісінде тауар сатып алу кезінде өте сақ болуды сұрайды.

Қазіргі уақытта Комитет аталған бағытта шаралар қабылдау бойынша тиісті жұмыс жүргізуде.

http://kzpp.gov.kz/kaz/presscentr/news/?cid=0&rid=5982

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/internettegi-alaya-ty-725446](https://yvision.kz/kk/post/internettegi-alaya-ty-725446)